home
home home

Жылыту маусымына дайындық

 

Жылыту маусымының басталуына бар болғаны бір айдай уақыт қалды. Сондықтан жауапты маусымға дайындық пысықталып, аудан аумағында мемлекет теңгеріміндегі әлеуметтік ғимараттарды қысқа қамдау мақсатындағы тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылды.

Жалпы, биыл өткен жылдармен салыстырғанда жылыту мәселесіне қатысты бірқатар оң өзгерістер орын алды. Сонай-ақ, ауданда газ құбырлары тартылып, қарбалас жұмыстардың жүргізіліп жатқанын тұрғындар көріп жүр.  Ағымдағы жылы аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жылыту қазандығы қатты отыннан көгілдір отынға ауыстырылып, жөндеу жұмыстары да жүргізілген. Десе де, көмірмен жылытылатын нысандар жоқ емес.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше жалпы биылғы жылыту маусымына 110,3 млн. теңге бөлінген. Ауданда барлығы 189 әлеуметтік нысан болса, оның ішіндегі 77-сі білім беру, 41-і денсаулық сақтау, 68-і мәдениет саласына қарасты мекемелер. Бүгінгі күнге әлеуметтік нысандарды жылыту үшін 10941 тонна көмір түсіріліп, дайындық 93,7 пайызды құраған. Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі кәсіпорны теңгерімінде 49 қазандық бар. Аудандық бюджет себенінен 50,0 млн. теңге бөлініп, барлық қазандықтарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жалпы қазандықтарда қызмет ететін 160 оператор дайындалып, арнайы оқу курстарынан өткен.

Білім саласындағы 77 нысанның (48 мектеп, 21 бала бақша, 1 өнер мектебі, 7 жасөспірімдер орталығы, 1 техникалық өнер орталығы) 90 пайызы қыс мезгіліне дайын. Мұнымен қатар №50 мектептің құрылысы, №20, 34 мектептердің қазандық құрылыстары, №23, 24, 26 (1,2-корпус) казандығын көмір отынынан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет саласындағы 68 нысанның (26 мәдениет үйі, 1 мұражай және 41 кітапхана) дайындығы 96 пайыз, жақын арада Сарыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің модульдық қазандығының құрылыс жұмыстары аяқталмақ. Аудандағы 2 мәдениет үйінің және 1 мектептің жапсарлас қазандықтарын сыртқа шығару жұмыстары жүргізілуде.

Газ шаруашылығы тарапынан ағымды жөндеу жұмыстары аясында 98977 шақырым құрылғы тәсілімен жер асты газ құбырлары тексеріліп, 36 дана құдық тазаланды, 2350 дана ашу тетіктері майланып, 3 шақырым жер үсті газ құбырлары сырланды. Жалпы жоспарланған жұмыстар аяқталуға жақын.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.