home
home home

Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

Мемлекеттік қызметтегі ашықтық

 

14 наурызда ауданымызға жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев келіп, аудан әкімі Болатбек Байтөлемен бірге бірқатар халыққа қызмет көрсету орындары және мемлекеттік мекемелерде болды.

 

Алдымен аудандық орталық ауруханаға ат басын бұрған департамент басшысы келушілерді электрондық тіркеуден бастап, дәрігерлердің науқастарды қабылдаудың ретімен танысты. Орталық аурухана басшылығы электронды жүйе арқылы науқастарды қабылдау, оның артықшылығы мен жұмысты оңтайландырудағы ерекшеліктері жайында әңгімелеп берді. Р.Төлебаев бірқатар бөлімдерді аралап көріп, дәрігерлер қауымымен жүздесу барысында денсаулық сақтау мекемелерінде жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мәселелері бойынша сөз қозғап, халыққа адал қызмет ету керектігін баса айтты. Осыдан кейін Равиль Төлебаев аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында болды. ХҚКО-ның жұмыс барысы турасында орталық басшысы Мақсат Сарманов түсініктеме берді. Жалпы, облыс бойынша халық саны көп Қордайдағы халыққа қызмет көрсету орталығына түсетін жүктің қаншалықты ауыр екендігі де сөз болды. Дей тұрғанымен мемлекеттік қызмет көрсетуді штаттық режимде жүргізіп отырған мамандар «бармақ басты, көз қыстыны» қаламайтындарын айтты. Департамент басшысының ауданға сапары тесттік емтихандық топ жұмысы ғимаратында жалғасып, одан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына ат басын бұрды. Орталық директоры Оразқұл Сейдекеш халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан тірліктер жайында айтып, жұмыссыз азаматтарды тіркеу, оларды жұмыспен қамту бойынша атқарылатын қызметтер тізбесі жайында түсініктеме берді. Р.Төлебаев осыдан кейін №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясына барып, ондағы ІТ-сыныпта болды. Балаларды жаңа технологияға баулуды қолға алу үшін былтыр аудандағы бірнеше мектепте аталмыш сыныптармен қатар робототехника сыныптары ашылғаны мәлім. Жас буынды заманауи бағдарламалар жасауға үйрететін ІТ-сыныптың бүгіні турасында мұғалім Олжас Әлімбек түсініктеме берді. Осыдан кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындармен кездесіп, олардың арқалап келген өтініш-ұсыныстарын қабыл алып, сұрақтарына жауап берді. Қабылдаудан кейін Равиль Қуанышбайұлы аудан әкімдігінде жиын өткізіп, онда сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Дәурен Омаров Қордай ауданы бойынша мемлекеттік қызмет саласы бойынша аудандағы кадр мәселесі, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау жұмыстары, сыбайлас жемқорлық профилактикасы турасына тоқталып, ондағы оңды істер жайында баян етті. Сонымен қатар, «Адал жол» жобасы, «Жамбыл – адалдық алаңы» кеңсесі турасында толыққанды түсініктеме берді. Жиын барысында сөз алған Равиль Төлебаев мемлекеттік қызмет көрсету сапасын артыру қажеттігін алға тартып, осы мәселелер турасында сұрақтар туындаса департаменттің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы немесе тікелей сауал жолдауға болатынын жеткізді. Өз кезегінде аудан басшысы Болатбек Байтөле келген қонаққа алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.