home
home home

жұмыс сапары қордайда қоғамдық кеңес мүшелері

 

Жиынға аудан әкімі Рүстем Дәулет,  бастаған басшылық өкілдері де қатысты. Әмзебек Жолшыбеков бастаған қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Кеңес төрағасы алғысөзді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбековаға беріп, өз кезегінде басқарма басшысы үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Нақты сандар мен дәйектерді алға тартқан Гүлдана Әлімжанқызы Қордай ауданындағы тындырымды тірліктерді ерекше атап өтсе,  облыстық «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының басшысы Жорабек Баубеков биыл облыс бойынша жұмыспен қамтылған азаматтардың саны артқанын айтып, Қордай ауданында бағдарлама нақты нәтижелер бергенін жеткізді. Жиында сонымен қатар облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев баяндама жасаса, аудан әкімі Рүстем Дәулет осы жылы Қордай ауданында атқарылған барлық жұмыстар жөнінде ауқымды ақпарат ұсынды. Слайд және бейнероликпен сүйемелденген барлық саланы қамтыған Рүстем Рысбайұлының баяндамасы көпшіліктің көңілінен шықты. Өз кезегінде қоғамдық кеңестің мүшелері өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Облыстан келген қадірлі қонақтар ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарды өз көздерімен көріп, тұрғындармен тілдесіп, қысқа мерзім ішінде мұндай тірліктер бұрын-сонды жасалмағанын жеткізді.

– Биыл Қордай ауданына 35 млрд. теңге бөлінді. Бұл өте үлкен қаржы. Біздің міндетіміз – бөлінген қаржының мақсатты орындалуы және тиімді игерілуін бақылау. Екі күнде бірнеше елді мекенді аралап, атқарылған жұмыстарды көрдік. Биылғы жыл пандемияға қарамастан нәтижелі іске толы болыпты. Аудан басшылығына, құрылыс басында жүрген азаматтарға және қолдау көрсетіп жүрген тұрғындарға айтар алғысымыз шексіз. Біз де осы облыстың тұрғынымыз, мұндай өзгерістер бізді қуантады, – деген Әмзебек Жолшыбеков аудан басшылығының жұмысына оң бағасын берді.

Еркін Қатбеков


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.