home
home home

Жұмыс сапары Қордай ауданы – дамудың жаңа кезеңінде

 

Бүгінде Жамбыл облысында ауқымды құрылыс жобалары жүзеге асуда. Әсіресе, Қордай ауданы алып құрылыс алаңына айналған. Алғаш рет ауданды дамыту үшін қосымша 35 миллиардтан астам теңге бағытталды. Бұл қаражат қалай игерілуде, қандай мәселелер бар, бүгінгідей пандемия кезінде жұмысшылар күші жеткілікті ме? Осы және өзге де сауалдар аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Қордай ауданына кезекті жұмыс сапары барысында негізге алынды.

Тұрғындардың қалыпты өмір сүруі үшін ең алдымен шешілуі тиіс  қажеттіліктердің бірі ол – таза ауыз су мәселесі. Сондықтан облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын Арал ауылындағы су қабылдағыш нысан және су құбырының құрылысы барысымен танысудан бастады. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаевтың айтуынша, биыл бұл бағытта 2,7 миллиард теңгенің алты жобасы жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, Кенен ауылындағы су құбырын тарту жобасы тапсырылу кезеңінде болса, Қаракемер, Қордай және Отар ауылдарындағы жұмыстар 80 пайызға, Өтеген және Арал ауылдарында 90 пайызға  аяқталған. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 73-тен 78 пайызға дейін артады деп күтілуде.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.