home
home home

жұмыс сапары Мәжіліс депутаты Қордайда болды

 

Өткен аптада ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлов жұмыс сапарымен келді. Ол, аудан әкімі Рүстем Дәулетпен бірге Гвардейский қалашығында болып, ондағы жүріп жатқан құрылыс нысандарының барысымен танысты.

 

Бұл халық қалаулысының ауданға алғашқы сапары емес. Қордай жерін өзгелерге үлгі тұтатынын жасырмайтын мәжіліс депутаты ауданға бірнеше мәрте табан тіреген. Осы сапарында ол тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми-зерттеу институты жанындағы отандық иммундық-биологиялық препараттар өндіретін биофармацевтикалық зауытының құрылысын көрді. Қазіргі уақытта құрылысы қарқын алған нысанның аяқталу мерзімі де жақын. Қажетті техниканың барлығы бар. Құрылысқа жүз елуге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Аталмыш институттың директоры Күнсұлу Закарьян құрметті қонаққа қазіргі таңда институт тарапынан қолға алынып жатқан   жұмыстардың жайын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Әңгіме барысында институт директоры осындағы қызметкерлердің қазіргі таңда әлемдегі осы саладағы ең мықты мамандармен иық тірестіре алатыны туралы да атап өтті.

Осыдан кейін, Мәжіліс депутаты институттың маңынан қызметкерлерге арналып салынып жатқан көп қабатты үйдің құрылысын көрді. Мұндағы жұмыс қарқыны турасында  аудан әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаев таныстырып,  көп ұзамай қызметкерлерге салтанатты түрде пәтер кілті табысталатынын жеткізді.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.