home
home home

Жомарттық – рухтың байлығы

Жомарттық – рухтың байлығы

Хакім Абайдың 38-ші қара сөзінде жомарттық пен жауан мәрттіліктің шындық, ақ пейілділік және даналық сынды үш сипаты айтылған. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт атанса, оның жасаған ісі жомарттық деп аталады. Арамызда осындай игі істі риясыз атқарып, жомарттық танытып жүрген жандар аз емес.

Сәрсенбінің сәтті күні барша мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Ораза айт құрметіне орай аудандық мешіт қызметкерлерінің игілігіне су жаңа темір тұлпар тарту етілді. Мешіт аумағында ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Болатбек Байтөле арнайы қатысып, ауданның бас имамы – «Қордай» медресесінің директоры Дәуренбек Жандосұлына «Хендай Акцент» автокөлігінің кілтін табыстады. Жоғарыда айтылғандай жаны жомарт демеушілердің, туған ауылына көмек қолын созуға әрдайым дайын тұрған азаматтардың көмегімен алынған автокөлік аудандық мешіт қызметкерлерінің игілігіне қызмет етпек. Ал, ауданымыздың көлемі мен аудандық мешітке қарасты алпыстан астам мешітті, орталықтан шалғайда орналасқан медресені ескерсек, бұл өте орынды жасалған сый екенін аңғаруға болады. Салтанатты шара барысында аудан әкімі барша жиылған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтап, мешіт мамандары мен демеушілік танытып жүрген жандарға сәттілік тіледі.

– Ауданымызда ортақ мәселеге өз үлесін қосып, қолынан келген көмегін аямайтын жомарт жандар жетерлік. Бүгінгі жарқын жаңалық осының бір дәлелі болып отыр.  Дейтұрғанмен, бұл атқарылар игіліктің бастамасы  ғана. Жақын  арада  мешіттің  астыңғы

 қабатына жөндеу жұмыстары жүргізілмек, – деп аудан басшысы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ауданның Құрметті азаматы Төле Сүгірбай жерлестерін жарқын мерекемен құттықтап, жақсылыққа жаны құмар жандардың көп екенін айтса, өз кезегінде ауданымыздың бас имамы Дәуренбек Жандосұлы аудан басшылығы мен демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге алғысын айтты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта