home
home home

Жомарт жандарға алғыс

Жыл сайынғы жаңа оқу жылы басталар алдын-дағы өткізілетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биылғы  2020-2021 оқу жылында 1 тамыздан бастап өз жұмыстарын бастады.  Мақса-ты – акция барысында барлық білім беру мекемелерінде  мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасыларынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Білім бөлімі тарапынан аудандағы ауылдық округтердің  әкімдеріне,  барлық  ұжымдарға, кәсіпкерлерге, демеушілерге аталған акцияға қатысу үшін өтініштер жолданып, онда аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар тізімі нақтыланып, олардың шарадан тыс қалмауы қамтамасыз етілді. Нәтижесінде аудан бойынша 190 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан  1294 балаға көмек көрсетілді.  Аудан мектептерінің ұжымдары, демеушілер аз қамтылған отбасылардың 1126 балаларына 19 млн.теңгеге мектеп формасы, спорттық костюмдер, аяқ киім мен оқу құралдарын алып берді. Қайырымдылық – асыл қасиет.  Әр баланың жүрегіне ризашылық сенім ұялату, адамгершілік, рухани дамуына бағыттау, қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады.  Осындай ерлік іс атқарған  барлық мектеп ұжымдарына, демеушілерге алғысымызды білдіреміз.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.