home
home home

Жолдауға қолдау Жаңа  жағдайдағы  Қазақстан

Өткен аптада аудандық мәслихат депутаты Ғалымжан Әлімжанов Ноғайбай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Келелі кездесудің басты мақсаты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын кеңінен насихаттау болды.

Айта кетсек, бұл күні Жолдауды қолдауға келген азаматтар қатары көп болды. Дейтұрғанымен, облыс аумағында енгізілген карантин режиміне сәйкес тұрғындар өзара ара қашықтықты сақтап, бетперде тағу сынды сақтық шараларын толықтай орындап отырды. Кездесуге ауыл әкімі Ғабиден Тулақбаев қатысып, қалың көпшілікті күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Ноғайбай ауылдық округінен сайланған депутат Ғалымжан Әлімжанов өз кезегінде жерлестеріне ел дамуына елеулі үлес қосар Құжаттың маңызы жайында айта келе, оның өзекті тұстарына егжей-тегжей тоқталып өтті. Айта кетсек, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жарыққа шыққан Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауымен бүгінде барша қазақстандықтар танысып үлгерді. Ондағы алға қойылған әрбір мақсаттар мен жоспарлар, жеткен жетістіктер мен саяси бағыттар елдің көңілінен шықты. Баяндамасы барысында Жолдаудағы басты бағыттарға тоқталып өткен мәслихат депутаты Президент тапсырмасына сай ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды да тілге тиек етті. Теледидар, баспасөз беттері мен интернет желілері арқылы құнды қағазбен танысқан жұртшылық Жолдауды насихаттап келген депутатқа алғысын айтып, Жолдауды қолдайтындарын жеткізді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған ауыл мәселелерін қозғап, ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуін сұрады. Әрбір қойылған сұраққа тұшымды жауап берген Ғ.Әлімжанов аталған мәселелерді түртіп алып, басшылыққа жолдайтынын жеткізді.

© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.