home
home home

Жолдар жөнге келмек

Жолдар жөнге келмек

Ауыл әр қазақтың жүрегі, құтты мекені әрі алтын бесігі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып, осы мақсатта «Ауыл – ел бесігі» жобасының басталғанын жариялаған еді. Осыған байланысты бүгінде аудан орталығында қарқынды жұмыс басталып кеткен.

Негізінен қазіргі таңда қай ауылды алып қарасақ та әрбір елді мекендегі өзекті мәселелер бір арнаға саяды. Ол – ауыз су, газ, жол. Деседе, Қордай ауылында ауыз су мен көгілдір отынның жайы қай қашан шешіліп қойған. Қордайлықтар тек ауылішілік жолдар жөнге келтірілсе, ауыл орталығынан жырақта жатқан көшелерге асфальт төселсе дейді. Байқасақ, бұл күннің ауылы алыста емес сыңайлы. Жуырда Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жерлестеріміздің көптен күткен арманы орындалып, аталмыш мәселе шешімін таппақ. Мысалы, қазіргі таңда аудан орталығындағы Қарасай, Жангелді және Шу көшелеріне қажетті техника тартылып, қызу жұмыс басталды. Сондай-ақ, Қазыбек би және Төле би көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары қарқын алған. Аталмыш жобамен қатар, жергілікті бюджеттен қарастырылған қаржыға бірқатар жұмыстар басталған. Атап айтсақ, аудандық Мәдениет үйінің алдында субұрқақтың құрылысы басталды. Мердігер «Кана» жеке кәсіпкері ауыл ажарын ашатын нысанның жақын күндері қолданысқа берілетінін айтады. Сонымен қатар, ауылға кіреберіс тұстағы айналмалы жолға да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ал, Нұрдаулет Әлібекұлы атындағы магистральды каналының Төле би мен Қазыбек би көшелерінің аралығындағы бөлігін қоршауды қолға алған жеке кәсіпкер «Қаратаев» жұмысты аяқтауға жақын. Қордай ауылдық округі әкімдігінің мамандары ауылішілік көшелерді ретке келтіру бойынша жұмыстар одан әрі жандана түсетінін айтады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.