home
home home

«Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

24.01.2019 ж. № 25 бұйрығына
1-қосымша

 

«Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

1-кезең: сұратылған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру – 23 (жиырма үш) жұмыс күні;

2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жер учаскесіне арналған жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару 7 (жеті) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне арналған құқықты беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар тізімі:

1-кезең: 1) нысан бойынша өтініш, 2) жеке басты куәландыратын құжат; 3) жер учаскесінің орналасу схемасы; 4) республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың келісімі;

2-кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы;

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;

3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының 2-бөлігінде және 6-тармағында, 43-бабы 3-тармағының 6-бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының 2-бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында және «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта