home
home home

Жерлестеріміз топ жарды

Жерлестеріміз топ жарды

Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы және №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен 2005-2006, 2007-2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында КСРО спорт шебері Төлеген Насырды еске алуға арналған кикбокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Тартысты өткен жарыс барысында жас спортшылар барын салып, өзара мықтыны анықтауға тырысып бақты. Кездесу нәтижесі бойынша жаттықтырушы Талғат Насырдың тәрбиеленушілері, жерлестеріміз Исмайл Люшанло 39 келі, Бейбарыс Берікұлы 42 келі, Олеся Трибунская 36 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанса, Малик Мусаров 42 келі, Шамиль Фушанло 33 келі, Алим Смаров 39 келі салмақ дәрежелерінде жүлдегер атанып, қарсыластарынан басым түсті.

Еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар чемпионаттың лайықты деңгейде өтуіне «МИЛ» компаниясының директоры Мұрат Усербаев, «Бауырлар» жеке спорт клубының директоры Берік Мамытов, «Билайн» телефон желісінің Қордай ауданындағы дилері ЖК «Ченцова» демеушілік көмек көрсеткенін атап өту керек.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта