home
home home

Жерлестеріміз чемпион

Жерлестеріміз чемпион

Ауданымыздың жастары спортқа деген бейімдерін күн санап емес сәт санап дәлелдеп келеді десек артық айтқанымыз емес.  23-29 наурыз аралығында 2001 жылы туған және одан жас ер балалар мен қыздар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионатында бақ сынаған кішкентай теннисшілерімізден жақсы жаңалықтар жетті.

Екі күнге ұласқан чемпионатқа  Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген командалар кім мықтыны анықтаған. Айтулы бәскеге Жамбыл облысының құрама командасымен Масанчи ауылынан Харки Муслим, Харки Искендер, Харки Абдул-Маджид кірген болатын. Спортшылар облыс намысын абыроймен қорғап, қола медальді қанжығаға байлапты. Ал жекелей жарыста қордайлық Харки Искендер небір кіл мықтыларды артта қалдырып, финалға жолдама алды. Сонымен қатар, жұптық кездесуде Харки Искендер мен Бақыт Әнел тартысқа толы ойында 11:9 есебімен жеңіске жетіп Қазақстан чемпиондары атағына ие болды. Жекелей сында финалда И.Харки Шымкент қаласынан келген тәжірибелі қарсыласқа лайықты тойтарыс танытқанымен, аздаған есе жіберіп,  күміс жүлдеге ие болды. Бапкер, Қордай ауылдық №1 БЖСМ үстел теннисінен жаттықтырушы Вангар Двумаров шәкірттердің бұл жетісігіне шын ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта алар асулар бұдан да биік боларына нық сенімді. Жеңіс құтты болсын!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.