home
home home

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№4

« 22 » тамыз 2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Жамбыл облысы Қордай ауданы

(аудан және облыс атауы)

 2019 – 2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Жамбыл облысы Қордай

ауданы Алға ауылдық округі

әкімінің аппараты» КММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019 – 2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі – 2001 жыл;

-халық саны 2019 жылдың 01 тамызына – 1085;

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы 3 елді мекен – Алға, Көгадыр, Мұзбел ;

– аумақ – 20859 га;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім – 2014 жылғы 22 мамырдағы №31-7 шешіміне сәйкес құрылып, өкілеттілік берілді;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 7 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

 

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Алға  ауылы аудан орталығынан 20 км қашықтықта орналасқан және халық саны 1085 адамнан, 230 ауладан  тұратын Степной ауылдық округінің орталығы  болып  табылады, 3 елді мекен Алға – 762 халық саны/145 аула саны, Көгадыр – 178 халық саны/46 аула саны, Мұзбел – 145 халық саны/39 аула саны.

Алға ауылдық үш елді мекеннің жалпы аумағының көлемі 20859 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқабы – 7623 га, егістік жері – 2819 га, жайылым жері – 4788 га.

Ауылдық  округтың  халық саны 1085 адамды құрайды, оның ішінде ерлер – 546, әйелдер – 539, зейнеткерлер – 126, мүгедектер – 30, 18-29 жас аралығындағы жастар – 245, оқушылар – 220.

Еңбекке жарамды халық саны 598 адамды құрайды:

– оның ішінде жыл басынан жұмысқа орналасқан 42, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандары – 374; жұмыссыздар – 21, оның ішінде жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер – 6.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелер саны – 13. Соның ішінде:

– Алға ауылында: Алға ауылдық округі әкімінің аппараты; №34 М.Смағұлов атындағы орта мектеп; Кітапхана; Алға ауылдық медициналық пункті; Пошта бөлімшесі, Учаскелік полиция, АТС бөлімшесі, «Тас -Алға» ЖШС, «МТВ» ЖШС, «Бүлдіршін» жеке меншік бала бақшасы бар; Алға ауылдық округінің ветеринарлық пункті, «Омар» мешіті.

– Көгадыр ауылында: Көгадыр ауылдық медициналық пункті;

– Мұзбел ауылында : Көгадыр ауылдық медициналық пункті;

Сонымен қатар, Алға ауылында 5 дүкен, 2 дәмхана

Степной ауылында 10,2 шақырым  ауылдық  ішкі  жолдардың  1,016 шақырым асфальт төселген және 9,184 шақырым қарашағал төселген. Округ бойынша 11 көшенің тек 3 көшесі жарықтандырылған.

Ауылдық округте 1960 бас  МІҚ мал, 630 бас жылқы, 13222 бас қой, 1340 бас ешкі, 1407- құс тіркелген.

37 оқушыны Көгадыр ауылынан Алға ауылының мектебіне апарып және үйлеріне кері тасымалдауға көлік ұйымдастырылған.

Ауылдық округ бойынша 5 ЖШС; 1 бала бақша; 31 шаруа қожалығы егін, мал шарашылығымен айналысады; 37  жеке кәсіпкер тіркелген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 22 отбасы.

Мал және егін шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

 

 

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Келесі мәселелерге қатысты проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

– Алға ауылы мен Көгадыр ауылына баратын аудандық маңызы бар 9,3 шақырым авто жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет;

– Алға ауылына саябақ салу жұмыстарын қорлға алса;

– Ауылдық округте елді мекендегі әрбір үйді арық суымен қамтамасыз етуді жандандыру;

– Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және өңдеу жұмыстарын қолға алу қажет;

– Алға ауылдық округ орталығында жастарға арнап спортпен шұғылданатын спорт комплекс салуды ұйымдастыру қажет;

– Алға ауылдық округ орталығында жастарға арнап шағын футбол алаңын салу қолға алса.

-Алға ауылдық округ орталығында жастарға арнап «Street workout» алаңын орнату қолға алынса.

Алға ауылдық округ орталығында мәдениет үйін салса.

– Шағын орта бизнесті дамытуды ұйымдастыру үшін қол жетімді несие беруді қолға алсын;

– Мал шаруашылығымен айналысатын халыққа субсидиялау қызметін қол жетімді ұйымдастыру;

– Егін, мал шаруашылығымен айналысатын халыққа лизингке ауыл шаруашылық техникаларын алуды ұйымдастыру.

– Мұзбел ауылындағы көпір мәселесін шешу жұмыстарын қолға алу.

-Алға ауылдық округінегі әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларына, мүгедек балаларға көмек көрсету.

– Мұзбел ауылына медициналық пункт құрылысын қолға алу.

-Көгадыр ауылындағы медициналық пунктін сумен қамтамасыз ету қолға алынса.

– Мұзбел ауылындағы Ж. Жабаев көшесіне жарықтандыру жүргізу қолға алынса.

Алға ауылындағы Ж.Алдабергенов көшесіне орташа  және мағымды жөндеу жұмыстары колға алынса.

-Алға ауылдық округ орталығында ветиринариялық пункт салу қолға алынса.

-Алға ауылдық округ орталығында Коворкинг орталығын ашу қолға алынса.

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері  
1 2 3 4 5 6  
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Оқушыларды мектепке және үйлеріне кері тасымалдау оқушыларды тасымалдау 1800,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 Атаулы әлеуметтік көмек алушылар жәрдемақы 16 173,0 Облыстық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.2 Үйде оқытылатын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақысы жәрдемақы 182,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.3 Бір жолғы азық-түлікпен қамтамасыз ету жәрдемақы 300,0 Демеушілер 2019-2021 жылдары  
III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
3.1 Мұзбел ауылындағы медициналық пункт құрылысы Мед. пункт 30 000,0 Мемлекеттік-жеке серіктестік 2019-2020 жылдары  
3.2 Көгадыр ауылындағы медициналық пункте су шығару дәрігерлік амбулатория 200,0 Демеушілер 2019-2020 жылдары  
IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
4.1 Коворкинг орталығын ашу және керекті жабдықтармен жабдықтау коворкинг 500,0 Аудандық бюджет 2019 жыл  
4.2 «Street workout» алаңын орнату «Street workout» 400,0 Аудандық бюджет 2019 жыл  
4.3 Мәдениет үйін салу мәдениет үйі 30 000,0 Мемлекеттік-жеке серіктестік 2021 жыл  
4.4 Шағын футбол алаңы стадион 6000,0 Демеушілер 2019-2020 жылдары  
4.5 Спорт комплекс салу спорт комплекс 20 000,0 Мемлекеттік-жеке серіктестік 2020-2021 жылдары  
4.6 Алға ауылына саябақ салу саябақ 5 000,0 Демеушілер 2020-2021 жылдары  
V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
5.1 Алға ауылынан Көгадыр ауылына баратын жолға орташа жөндеу, ұзындығы 9,3 км көшені орташа жөндеу, асфальт 105 000,0 Облыстық және Аудандық бюджет 2020-2021 жылдар  
5.2 Алға ауылындағы Ж.Алдабергенов көшесін орташа жөндеу, ұзындығы 0,75 км көшені орташа жөндеу, асфальт 9 998,0 Ауылдық бюджет 2019 жыл  
5.3 Алға ауылындағы Ж.Алдабергенов көшесін ағымды (құм шағал) жөндеу, ұзындығы 0,60 км көшені ағымды жөндеу, құмшағал төсеу 1 100,0 Республикалық бюджет 2020 жыл  
5.4 Алға ауылының Ж.Алдабергенов көшесіне орташа жөндеу жөндеу, ұзындығы 0,75 км көшені орташа жөндеу, асфальт 10 000,0 Ауылдық бюджет 2020 жыл  
5.5 Мұзбел ауылының Ж.Жабаев көшесіне жарықтандыру жүргізу, ұзындығы 0,30 км көшені жарықтандыру 500,0 Ауылдық бюджет 2019 жыл  
5.6 Мұзбел ауылындағы көпірге ағымды жөндеу көпір жөндеу 3 000,0 Ауылдық бюджет 2020-2021 жылдары  
VІ. БАСҚАЛАР
6.1 Ветеринариялық пункт салу ветеринариялық пункт 8 000,0 Аудандық бюджет 2019-2020 жылдары
6.2 Ауыл шаруашылық техникасын сатып алу трактор сепкіш және қопсытқыш 8 500,0 Шаруа қожалығы 2020-2021 жылдары
6.3 Шағын және орта бизнеске қол жетімді несие беру қол жетімді несие 15 500,0 Шағын несие ұйым 2020-2021 жылдары
6.4 Мал шаруашылығын субсидиялау субсидия 50 000,0 Республикалық бюджет 2020-2021 жылдары
6.5 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және өңдеу ТҚҚ 10 000,0 Аудандық бюджет 2020-2021 жылдары
6.6 Алға ауылына арық салу Арық салу 2 000,0 Аудандық бюджет 2020-2021 жылдары

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы Қордай  ауданы  Алға ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта