home
home home

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№6

« 22 » тамыз 2019 жыл

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Жамбыл облысы Қордай ауданы

(аудан және облыс атауы)

 2019 – 2021 жылдарға

 

 

 

Әзірлеуші: «Жамбыл облысы Қордай

ауданы Степной ауылдық округі

әкімінің аппараты» КММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019 – 2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі – 1932 жыл;

-халық саны 2019 жылдың 01 тамызына – 6315;

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы 3 елді мекен – Степной, Арал, Қалғұты ;

– аумақ – Степной ауылы;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім – 2014 жылғы 22 мамырдағы №31-7 шешіміне сәйкес құрылып, өкілеттілік берілді;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 34 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

 

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Степной  ауылы аудан орталығынан 12 км қашықтықта орналасқан және халық саны 6315 адамнан, 942 ауладан  тұратын Степной ауылдық округінің орталығы  болып  табылады, 3 елді мекен Степной – 3683 халық саны/606 аула саны, Арал – 1581 халық саны/187 аула саны, Қалғұты – 1051 халық саны/149 аула саны.

Степной тірек ауылдық елді мекеннің жалпы аумағының көлемі 9389 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқабы – 6680 га, егістік жері – 7117 га, жайылым жері – 670 га.

Ауылдық  округтың  халық саны 6315 адамды құрайды, оның ішінде ерлер – 3132, әйелдер – 3183, зейнеткерлер – 550, мүгедектер – 98, 18-29 жас аралығындағы жастар – 1329, оқушылар – 710.

Еңбекке жарамды халық саны 3328 адамды құрайды:

– оның ішінде жұмысқа орналасқан 2333, оның өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 540; жұмыссыздар – 130, оның ішінде жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер – 55.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелер саны – 10. Соның ішінде:

-Степной ауылында: Степной ауылдық округі әкімінің аппараты; №24 Степной ауылындағы орта мектеп; Мәдениет үйі; Кітапхана; Степной ауылдық дәрігерлік амбулаториясы; Пошта бөлімшесі, Учаскелік полиция, АТС бөлімшесі, «ТЕХНОГРАНИТ-KZ» ЖШС, «Қордай – Рауан» жеке меншік бала бақшасы бар;

-Арал ауылында: №25 Арал ауылындағы негізгі мектеп; Кітапхана; Арал ауылдық фельшерлік акушерлік тірек; Пошта бөлімшесі. «Нур-Адель» жеке меншік бала бақшасы бар.

Сонымен қатар, Степной ауылында 23 дүкен, 3 дәріхана, 3 шаштараз, 1 желімдеу станциясы қызмет етуде.

Степной ауылында 24 шақырым  ауылдық  ішкі  жолдардың  8,5 шақырым асфальт төселген, Степной ауылында орталық су жүйесі бар, қалған Арал, Қалғұты ауылдарында жоқ. Ауылдағы 34 көшенің тек 5 көшесі жарықтандырылған.

Ауылдық округте 1654 бас  МІҚ мал, 165 бас жылқы, 9118 бас қой мен ешкі тіркелген.

29 оқушыны Арал ауылынан Жамбыл ауылының мектебіне апарып және үйлеріне кері тасымалдауға көлік ұйымдастырылған.

Ауылдық округ бойынша 3 ЖШС; 2 бала бақша; 1 кен өндірісі; 213 ШҚ жұмыс істейтіндер саны 230 адам егін, мал шаруашылығымен айналысады; 75  жеке кәсіпкер тіркелген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 132 отбасы.

Егін шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

 

 

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Келесі мәселелерге қатысты проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

– Қалғұты ауылына мектеп салу жұмыстарын жүргізуді қолға алу қажет;

– Мектепке дейінгі балаларды оқыту орталығын ұйымдастыру керек;

– Арал ауылындағы оқушыларды Жамбыл ауылының мектебіне және үйлеріне кері тасымалдауды ұйымдастыру;

– Қалғұты ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысын қолға алу қажет;

– Степной ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысын қолға алу;

– Ауылдық кітапханаға коворкинг орталығын ашу және керекті жабдықтармен жабдықтауды ұйымдастыру;

– «Street workout» алаңын орнатуды қолға алу қажет;

– Мәдениет үйін қоршауды қолға алып, ұйымдастыру қажет;

– Көшелерді жарықтандырудан Қалғұты ауылындағы Оңтүстік көшесін ұзындығы 0,6 км, Арал ауылындағы Өтеген батыр көшесін ұзындығы 0,4 км жарықтандыру қажет;

– Степной, Арал, Қалғұты ауылдарындағы көшелерді орташа және ағымды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қажет;

– Степной ауылына ветеринариялық пунктті салуды ұйымдастыру қажет

– Ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуды қолға алу қажет.

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері  
1 2 3 4 5 6  
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Қалғұты ауылындағы мектеп құрылысы Жұмыстың аяқталғаны туралы қорытынды 600 111,0 Облыстық бюджет 2019-2020 жылдары  
1.2 Мектепке дейінгі балаларды оқыту орталығы Ақпарат аяқталғаны туралы 50 000,0 Жеке кәсіпкер 2019-2020 жылдары  
1.3 Оқушыларды мектепке және үйлеріне кері тасымалдау Атқарылған жұмыстың актісі 450,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
1.4 Жаңа салынған мектепке құрал жабдықтар сатып алу Жұмыстың аяқталғаны туралы қорытынды 100 000,0 Аудандық бюджет 2019-2020 жылдары  
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 Атаулы әлеуметтік көмек алушылар Тұрмыс жағдайы туралы қорытынды 35 722,1 Облыстық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.2 Тұрғын үй көмегі Тұрмыс жағдайы туралы қорытынды 102,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.3 Үйде оқытылатын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақысы Тұрмыс жағдайы туралы қорытынды 990,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.4 Бір жолғы азық-түлікпен қамтамасыз ету Тұрмыс жағдайы туралы анықтама 60,0 Демеушілер 2019-2021 жылдары  
 

 

 

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1 Қалғұты ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы Нысанның аяқталғаны туралы акт Мемлекеттік-жеке серіктестік 2019-2020 жылдары  
3.2 Степной ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы Нысанның аяқталғаны туралы акт Мемлекеттік-жеке серіктестік 2019-2020 жылдары  
 

IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

4.1 Коворкинг орталығын ашу және керекті жабдықтармен жабдықтау Қабылдау актісі 1 200,0 Аудандық бюджет 2019 жыл  
4.2 «Street workout» алаңын орнату Ақпарат 200,0 Демеушілік 2019 жыл  
4.3 Мәдениет үйін қоршау Қабылдау актісі 11 000,0 Аудандық бюджет 2021 жыл  
 

V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

5.1 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Степной ауылындағы Сураншиев көшесін орташа жөндеу, ұзындығы 0,66 км» Жұмысты қабылдап алу актісі 5 000,0 Аудандық бюджет 2019 жыл  
5.2 Степной ауылындағы Өндіріс көшесін ағымды жөндеу, ұзындығы 0,4 км Жұмысты қабылдап алу актісі 1 602,0 Ауылдық бюджет 2019 жыл  
5.3 Степной ауылындағы Полякова көшесін ағымды жөндеу, ұзындығы 0,6 км Жұмысты қабылдап алу актісі 1 604,0 Ауылдық бюджет 2019 жыл  
5.4 Арал ауылының Өтеген батыр көшесіне жарықтандыру жүргізу, ұзындығы 0,45 км Жұмысты қабылдап алу актісі 1 714,0 Ауылдық бюджет 2019 жыл  
5.5 Қалғұты ауылының Жаңақұрылыс көшесіне жарықтандыру жүргізу, ұзындығы 0,65 км Жұмысты қабылдап алу актісі 2 796,4 Ауылдық бюджет 2019 жыл  
5.6 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Қалғұты ауылындағы Оңтүстік көшесін орташа жөндеу, ұзындығы 0,66 км»

 

Жұмысты қабылдап алу актісі 5 000,0 Аудандық бюджет 2020 жыл  
5.7 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Арал ауылындағы Өтеген батыр көшесін орташа жөндеу, ұзындығы 0,66 км» Жұмысты қабылдап алу актісі 5 000,0 Аудандық бюджет 2021 жыл  
VІ. БАСҚАЛАР
6.1 Ветеринариялық пункт салу Қабылдау актісі 4 800,0 Аудандық бюджет 2020-2021 жылдары
6.2 Ауыл шаруашылық техникасын сатып алу Шот фактура, жолдама. 10 000,0 Шаруа қожалығы 2020-2021 жылдары

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы Қордай  ауданы  Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта