home
home home

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№ 8

« 22 » тамыз 2019 жыл

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Жамбыл облысы Қордай ауданы

(аудан және облыс атауы)

 2019 – 2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Жамбыл облысы Қордай

ауданы Қасық  ауылдық округі

әкімінің аппараты» КММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019 – 2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылдық округін дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі – 1930 жыл;

-халық саны 2019 жылдың 01 тамызына – 4459;

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы 1 елді мекен – Әлжан ана ауылы ;

– аумақ –12815 га;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім – 2014 жылғы 22 мамырдағы №31-7 шешіміне сәйкес құрылып, өкілеттілік берілді;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 17 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

 

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Әлжан ана ауылы аудан орталығынан 12 км қашықтықта орналасқан және халық саны 4459 адамнан, 789 ауладан  тұратын Қасық ауылдық округінің орталығы  болып  табылады.

Әлжан ана тірек ауылдық елді мекеннің жалпы аумағының көлемі 12815 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқабы – 6682 га, егістік жері – 5862 га, жайылым жері – 1213 га.

Ауылдық  округтың  халық саны 4459 адамды құрайды, оның ішінде ерлер – 3132, әйелдер – 3183, зейнеткерлер – 471, мүгедектер – 105, 18-29 жас аралығындағы жастар – 1231, оқушылар – 836.

Еңбекке жарамды халық саны 3049 адамды құрайды:

– оның ішінде жұмысқа орналасқан 2401, оның өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 596; жұмыссыздар – 78, оның ішінде жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер – 62.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелер саны – 10. Соның ішінде:

  • Әлжан ана ауылында: Қасық ауылдық округі әкімінің аппараты, Тұрар Рыскулов Атындағы №23 орта мектебі, мәдениет үйі, Әлжан ана ауылының өлкетану музейі, кітапхана, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, пошта бөлімшесі, учаскелік полиция бөлімшесі, АТС бөлімшесі, 1 мемлекеттік «Қарлығаш» балабақшасы және 2 жеке меншік бала бақшасы бар;

Сонымен қатар, Әлжан ана  ауылында 15 дүкен, 2 дәріхана, 2 шаштараз, 1 техникалық жөндеу  станциясы қызмет етуде.

Әлжан ана  ауылында 21,8 шақырым  ауылдық  ішкі  жолдардың  8,1 шақырым асфальт төселген, Әлжан ана ауылында орталық су жүйесі жүргізілуде, бірақ толығымен аяқталмаған. Ауылдағы 17 көшенің тек 5 көшесі жарықтандырылған.

Ауылдық округте 2780 бас  МІҚ мал, 823 бас жылқы, 24183 бас қой мен ешкі тіркелген.

34 оқушыны Әлжан ана ауылынан Қордай ауылының мектептеріне апарып және үйлеріне кері тасымалдауға көлік ұйымдастырылған.

Ауылдық округ бойынша 2 ЖШС; 110 ШҚ жұмыс істейтіндер саны 230 адам егін, мал шаруашылығымен айналысады; 115  жеке кәсіпкер тіркелген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 154 отбасы.

Шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі – егін шаруашылығы.

 

 

 

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Келесі мәселелерге қатысты проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

– Ауылдың Алматы көшесін, Алматы көшесінің бұрылысын және Нұрақ Тілеубай  көшелерін жарықтандыру және асфальттау қажет;

– Ауылдың орталық  саябағында жастар алеясын салу; балаларға арналған ойын алаңын ашу;

– Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және өңдеу жұмыстарын қолға алу қажет;

– Қасық ауылдық округ орталығында жастарға арнап спортпен шұғылданатын спорт орталығын салуды ұйымдастыру қажет;

– Шағын орта бизнесті дамытуды ұйымдастыру үшін қол жетімді несие беруді қолға алсын;

-Қасық ауылдық округі әкімі аппаратының және ауылдық Тұрар Рыскулов атындағы № 23 орта мектебінің ғимаратарына күрделі жөндеу жұмыстары мен газдандыру жұмыстарын жүргізу қажет;

-Ауылдық жаңа массивтерге электр жүйелерін, жолдарын және газ құбырларын жүргізу қажет.

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері  
1 2 3 4 5 6  
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Әлжан ана ауылындағы мектепті күрделі жөндеу жұмысы Қабылдау актісне сәйкес 363894,0 Облыстық бюджет 2020-2021 жылдары  
1.2 Әлжан ана ауылындағы мектепті газдандыру жұмысы Қабылдау актісне сәйкес 5000,0 Облыстық бюджет 2020-2021 жылдары  
1.3 Оқушыларды мектепке және үйлеріне кері тасымалдау Келісім шартқа сәйкес 647,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 Атаулы әлеуметтік көмек алушылар Ауданәкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 35 722,1 Облыстық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.2 Тұрғын үй көмегі Ауданәкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 102,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.3 Үйде оқытылатын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақысы Ауданәкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 990,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.4 Бір жолғы азық-түлікпен қамтамасыз ету Ауданәкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 60,0 Демеушілер 2019-2021 жылдары  
IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
4.1 «Street workout» алаңын орнату «Street workout» 200,0 Демеушілік 2021 жыл  
V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
5.1 Әлжан ана ауылындағы Алматы көшесін орташа жөндеу, ұзындығы 0,288 км Қабылдау актісне сәйкес 4200,0 Аудандық бюджет 2019 жыл  
5.2 Әлжан ана ауылындағы Алматы көшесін орташа жөндеу, ұзындығы 0,216 км Қабылдау актісне сәйкес 3143,0 Ауылдық бюджет 2019 жыл  
5.3 Әлжан ана ауылындағы Н.Тлеубай көшесін орташа жөндеу, ұзындығы 0,250 км Қабылдау актісне сәйкес 4200,0 Республикалық бюджет 2020 жыл  
5.4 Әлжан ана ауылындағы Алматы көшесінің қиыысын орташа жөндеу, ұзындығы 1,1 км Қабылдау актісне сәйкес 11250,0 Республикалық бюджет 2021 жыл  
5.5 Әлжан ана ауылындағы Алматы көшесінің қиылсын орташа жөндеу, ұзындығы 1,1 км Қабылдау актісне сәйкес 5687,0 Облыстық бюджет 2021 жыл  
5.6 Әлжан ана ауылындағы Н.Тлеубай көшесін орташа жөндеу, ұзындығы 0,500 км Қабылдау актісне сәйкес 7500,0 Облыстық бюджет 2021 жыл  
5.7 Әлжан ана ауылындағы Н.Тлеубай көшесін жарықтандыру жүргізу, ұзындығы 0,750 км Қабылдау актісне сәйкес 3000,0 Облыстық бюджет 2021 жыл  
5.8 Әлжан ана ауылында су құбырын жүргізу Қабылдау актісне сәйкес 548891 Респбуликалық бюджет 2019 жыл  
5.9 Әлжан ана ауылында су құбырын жүргізу Қабылдау актісне сәйкес 60987 Облыстық бюджет 2019 жыл  
5.10 Ауылдық жаңа массивтерге электр жүйелерін жүргізу жұмыстары Қабылдау актісне сәйкес   Аудандық бюджет 2020 жыл  
VІ. БАСҚАЛАР
6.1 Әлжан ана ауылындағы  саябаққа балалар алаңын орнату Қабылдау актісне сәйкес 1323,0 Ауылдық бюджет 2020 жыл
6.2 Әлжан ана ауылындағы  саябаққа жастар алеясын орнату Қабылдау актісне сәйкес 10000,0 Республикалық бюджет 2021 жыл
6.2 Ауылдық әікімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу Қабылдау актісне сәйкес 11000,0 Республикалық  бюджет 2020 жыл
6.3 Ауылдық әікімшілік ғимаратына газдандыру жұмысын жүргізу Қабылдау актісне сәйкес 5000,0 Аудандық бюджет 2020 жыл
6.4 Тұрмыстық қатты қалдықтардың полигонын жинау, тазалау жұмыстарын жүргізу Қабылдау актісне сәйкес 640,0 Ауылдық бюджет 2019 жыл
6.4 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, қоршау жұмыстарын жүргізу Қабылдау актісне сәйкес 8000,0 Республикалық бюджеттен 2020 жыл

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы Қордай  ауданы  Қасық  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта