home
home home

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№25

« 22» тамыз 2019 жыл

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Жамбыл облысы Қордай ауданы

(аудан және облыс атауы)

                                        2019 – 2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Жамбыл облысы Қордай

ауданы Сұлутөр ауылдық округі

әкімінің аппараты» КММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019 – 2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі – 2005 жыл;

-халық саны 2019 жылдың 01 тамызына –1295 адам;

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы 2 елді мекен – Сұлутөр, Көктөбе;

– аумақ – Сұлутөр ауылы;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім – 2017 жылғы 25 сәуірдегі №5 шешіміне сәйкес құрылып, өкілеттілік берілді;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 7 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

 

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Сұлутөр  ауылы аудан орталығынан 86 км қашықтықта орналасқан және халық саны 1295 адамнан 250 ауладан  тұратын Сұлутөр ауылдық округінің орталығы болып табылады, 2 елді мекен Бетқайнар – 955 халық саны/190 аула саны, Көктөбе – 340 халық саны/60 аула саны.

Сұлутөр ауылдық округінің жалпы аумағының көлемі 52902 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқабы – 49475 га, егістік жері – 4634,4 га, жайылым жері – 44543,2 га.

Ауылдық округтың халық саны 1295 адамды құрайды, оның ішінде ерлер – 518, әйелдер – 777, зейнеткерлер – 129, мүгедектер – 30, 18-29 жас аралығындағы  жастар – 203, оқушылар – 125.

Еңбекке жарамды халық саны 350 адамды құрайды:

– оның ішінде жұмысқа орналасқан -155, оның өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 174; жұмыссыздар – 21, оның ішінде жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер – 21.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелер саны – 7.

Соның ішінде:

– Сұлутөр ауылында: Сұлутөр ауылдық округі әкімінің аппараты; №38 Сұлутөр ауылындағы орта мектеп; кітапхана; Сұлутөр ауылдық дәрігерлік амбулаториясы; Пошта бөлімшесі,  «Әділ» ЖШС, «Айсана» жеке меншік бала бақшасы бар;

-Көктөбе ауылында: №40 Көктөбе ауылындағы негізгі мектеп және фельшерлік акушерлік тірек.

Сонымен қатар, Сұлутөр ауылында 1 дүкен қызмет етуде.

Сұлутөр ауылында 9 шақырым  ауылдық ішкі жолдардың 5 шақырым асфальт төселген, Сұлутөр ауылындағы 5 көшенің 1 жарықтандырылған, орталық су жүйесі бар.

Көктөбе ауылында орталық су жүйесі жоқ. Ауылдағы жалғыз1 көше жарықтандырылған.

Ауылдық округте 1748 бас МІҚ мал, 500 бас жылқы, 15088 бас қой мен ешкі тіркелген.

Ауылдық округ бойынша 1 ЖШС; 1 бала бақша;49 ШҚ, ШҚ-да жұмыс істейтіндер саны 50 адам егін, мал шаруашылығымен айналысады; 71жеке кәсіпкер тіркелген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 9 отбасы.

Егін шаруашылығы мен мал шаруашалығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

 

 

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Келесі мәселелерге қатысты проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

– Көшелерді жарықтандырудан Сұлутөр ауылындағы ұзындығы 2,5 км көшелерді жарықтандыру қажет;

– Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және өңдеу жұмыстарын қолға алу қажет;

– Көктөбе ауылына орталық су жүйесін ұйымдастыру қажет;

– Сұлутөр ауылындағы орталық су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет;

– Арық суын қамтамасыз етуді жандандырсын;

– Сұлутөр ауылдық округі саябағында жастарға арнап спортпен шұғылданатын «Street workout» алаңын орнату;

– Шағын орта бизнесті дамытуды ұйымдастыру үшін қол жетімді несие беруді қолға алсын;

– Мал шаруашылығымен айналысатын халыққа субсидиялау қызметін қол жетімді ұйымдастыру;

– Ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары қажет;

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері  
1 2 3 4 5 6  
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Мектепке дейінгі балаларды оқыту орталығы Аудан әкімдігінің білім бөліміне мәлімет 20 000,0 Жеке кәсіпкер 2019-2021 жылдары  
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 Атаулы әлеуметтік көмек алушылар Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мәлімет 1760,5 Облыстық бюджет 2019-2021 жылдары  
2.2 Бір жолғы азық-түлікпен қамтамасыз ету Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мәлімет 246,0 Демеушілер 2019-2021 жылдары  
IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
3.1 «Street workout» алаңын орнату Аудан әкімдігінің спорт бөліміне мәлімет 200,0 Демеушілік 2019 жыл  
V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
5.1 Сұлутөр ауылындағы Пушкин көшесін күрделі жөндеу, ұзындығы 1 км Аудан әкімдігінің ТҮжКШ, автомобиль жолдары бөліміне мәлімет 15 000,0 Республикалық бюджет 2020 жыл  
5.2 Жарықтандыру орнату Аудан әкімдігінің ТҮжКШ, автомобиль жолдары бөліміне мәлімет 5 000,0 Аудандық бюджет 2021 жыл  
5.3 Су жүйесінің құрылысы «Қордай су» мекемесіне мәлімет 10 000,0 Республикалық бюджет 2021 жыл  
VІ. БАСҚАЛАР
6.1 Ауыл шаруашылық техникасын сатып алу Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөліміне мәлімет 10 000,0 Шаруа қожалығы 2020-2021 жылдары
6.2 Арық суымен қамтамасыз ету «Қордай су» мекемесіне мәлімет 5000,0 Республикалық бюджет 2020-2021 жылдары
6.3 Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары Аудан әкімдігінің аппараты 20 000,0 Облыстық бюджет 2020-2021 жылдары

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы Қордай  ауданы  Сұлутөр  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта