home
home home

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№10

«  22 »  тамыз 2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылдық округі

әкімінің аппараты» КММ

Қордай ауданы Жамбыл облысы

2019-2021  жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: « Кенен ауылдық округ

әкімінің аппараты» КММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі – 2001 жылы;

-халық саны – 2536 адам;

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны -1, Кенен ауылы;

– аумақ – 6381 гектар;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы №31-7 шешімімен 22 мамыр 2014 жылы құрылған және оларға өкілестік берілген мерзімі 7 жыл;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелері 14 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Жамбыл ауылдық округті дамыту

 

Кенен ауылы аудан орталығынан 60 км қашықтықта орналасқан.

Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі- 76577 га құрайды. Кенен ауылының көлемі 6381,0 га.

Кенен ауылының халқы 2536 құрайды, оның ішінде ерлер- 1518, әйелдер- 1012, зейнеткерлер – 267 , мүгедектер- 73, 18-29 жас аралығындағы жастар -581, оқушылар- 445, жұмыс істейтіндер- 708, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар- 409 және жұмыссыздар- 54 адамды құрайды.

Ауылдық жұмысқа жарамды тұрғындары 1931 адам.

Кенен ауылы бойынша 8 мекеме бар: оның ішінде «Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, полицияның тірек пункті, №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектеп, балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы,почта бөлімшесі, ветеринарлық пункті, мәдениет үйі, К.Әзірбаев атындағы мұражайы орналасқан.

Әлеуметтік салада қызмет атқаратын:

– қазақ тілінде білім беретін №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектеп 420 оқушыға арналған, бүгінгі күнде ол жерде 445 оқушы оқиды, ыстық тамақпен 120 бала қамтылған.

-Кенен ауылдық ауруханасында 6 төсек, штат бірлігі 15 адам. ЭКГ кабинеті қызмет көрсетеді. 2019 жылдың 9 айында 18 бала дүниеге келді.

– балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығында 16 үйірмеде:  бокс, еркін күрес, өлкетану, домбыра, би, хор, жас техник, сурет салу, теннис-шахмат, волейбол, футбол, қазақша күрес, шебер қолөнер,өлкетану үйірмелері бар.

-ауылдық кітапханада 280 оқырман бар, кітап берілімі 5785 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 5690, кітапханаға келуі 3618 болды.

Халыққа қызмет көрсету саласында ауылдық почта жұмыс істейді.

Жекеменшік «Еркемай» балабақшасында 2 топта 50 бала тәрбиеленеді. Штаттық бірлігі 12 адам.

Жекеменшік «Алтынбесік» балабақшасында 2 топта 50 бала тәрбиеленеді. Штаттық бірлігі 13 адам.

Кенен ауылында 19 кәсіпкерлік және орта бизнес нысандары бар. Олар: дүкендер -11, кафе-3, тойхана – 3, дәріхана-1, жанар-жағар май құю станциялары – 1, Шаруа қожалықтары – 86.

Қоғамдық монша жоқ, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету үйлері (сурет салоны, киім өңдеу және тігу, химиялық тазалау) жоқ.

Тұрғындар тасымалданатын газбен қамтамасыз етіледі, орталықтандырылған су жүйесін пайдаланады, кәріз құбыры жоқ.

Көшелер жартылай жарықтандырылған. Кенен – Қордай бағытында жолаушылар тасымалдайтын тасымалдауға автокөлік ұйымдастырылған.

Округ бойынша 4598 ірі қара мал, 2280 жылқы, 38751 ұсақ мал, 3175 үй құстары бар.

Кенен ауылында 14 көше бар,оның ішінде 5-і жарықтандырылған. Орталық су жүйесі бар. Ауылдық 1,4 км ішкі жолдардың  1-і толық асфальтталған 3-і жартылай асфальтталған, жалпы ұзындығы асфальтталған 2,1 км жолды құрайды. 2019 жылы Кенен ауылындағы Е.Қашағанов көшесіне (ұз. 0,15 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

– көшелерді жарықтандыру қажет;

– Кенен ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы қажет;

– Көшелерді жарықтандырудан Кенен ауылындағы Қордай көшесін ұзындығы 1,2 км жарықтандыру қажет;

– «Street workout» алаңын орнатуды қолға алу қажет;

– Кенен ауылындағы көшелерді орташа және ағымды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қажет;

– Кенен ауылына ветеринариялық пунктті салуды ұйымдастыру қажет;

– ауылға қосымша дүкен қажет;

– Ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуды қолға алу қажет.

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1          
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 Атаулы әлеуметтік көмек Тұрмыс жағдайы туралы қорытынды 30 275,0 Облыстық бюджет 2019-2021 жылдары
2.2 Тұрғын үй көмегі Тұрмыс жағдайы туралы қорытынды 3 000,0 Демеушілер есебінен 2019-2021 жылдары
2.3 Бір жолғы азық-түлікпен қамтамасыз ету Тұрмыс жағдайы туралы қорытынды 388,0 Демеушілер есебінен 2019-2021 жылдары
III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
3.1 Кенен ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы Нысанның аяқталғаны туралы акт 35000,0 Мемлекеттік жеке серіктестік 2019 жыл
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
4.1 Көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу Белашов көшесі Кенен ауылы Жұмысты қабылдап алу актісі 1894,0 Жергілікті бюджет 2019 жыл
4.2 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Кенен ауылындағы Қашағанов көшесін жолын орта жөндеу Жұмысты қабылдап алу актісі 2500,0 Республикалық 

бюджет

2019 жыл
4.3 Кенен ауылындағы Жамбыл көшесін жолын орта жөндеу Жұмысты қабылдап алу актісі 19 000,0 Республикалық 

бюджет

2020 жыл
4.4 Кенен аулындағы Т.Мажирин көшесін жолын орта жөндеу Жұмысты қабылдап алу актісі 19 000,0 Республикалық 

бюджет

2020 жыл
4.5 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Кенен ауылы Қордай  көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу Жұмысты қабылдап алу актісі 2500,0 Республикалық 

бюджет

2020 жыл
4.6 Кенен ауылы Қордай  көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу Жұмысты қабылдап алу актісі 2005,0 Жергілікті бюджет 2020 жыл
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
5.1 «Street workout» аланың орнату Жұмысты қабылдап алу актісі 400,0 Жергілікті бюджет 2019 жыл
VI. БАСҚАЛАР
7.1 Дүкен ашу Жұмысты қабылдап алу актісі 32 000,0 Жекеменшік есебінен 2019 жыл
7.2 Ветеринариялық пункт салу Жұмысты қабылдап алу актісі 4800,0 Аудандық бюджет 2019 жыл
7.3 Ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу Шот фактура, жолдама 8 000,0 Шаруа қожалығы 2020 жыл

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Кенен ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта