home
home home

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

«  22 »  тамыз  2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ауқатты ауылдық округі

Қордай ауданы Жамбыл облысы

2019-2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Жамбыл облысы Қордай ауданы

Ауқатты ауылдық округіәкімінің аппараты» КММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021жылдарға арналған Жамбыл облысы Қордай ауданы
Ауқатты ауылдық округнің жергілікті қоғамдастықты  дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі-1930 жыл;

-халық саны-8725 адам;

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны-3(Ауқатты, Қызылсай, Бәйтерек);

– аумақ-34210 га.;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 2014 жыл 22 мамыр және оларға өкілестік берілген мерзім- ;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-27адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Ауқатты ауылдық округті дамыту

 

 

Ауқатты ауылдық округінің қарамағына Ауқатты, Қызылсай, Бәйтерек елді мекендері кіреді.

Ауылдық округтің жалпы көлемі 34210 гектар, оның ішінде елді мекендерге қарасты жер көлемі 1447 гектар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі-33655 гектар.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 8725 (Ауқатты-6750, Қызылсай-1089, Бәйтерек-886) адамды құрайды оның ішінде ер азаматтар-3490, әйелдер-5235, зейнеткерлер-506 (Ауқатты-389, Қызылсай-88, Бәйтерек-29), мүгедектер -202 (Ауқатты-148, Қызылсай-40, Бәйтерек-14), жастар 18ден 29 жас аралығында-1408 (Ауқатты-1095, Қызылсай-159, Бәйтерек-154), оқушылар-1853 (Ауқатты-1410, Қызылсай-198, Бәйтерек-245), экономикалық белсенді адамдардың саны-4022 (Ауқатты-3040, Қызылсай-619, Бәйтерек-363), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-1802, жалдамалы жұмысшылар-2220, жұмыссыздар-10, мектеп жасына дейінгі балалар саны-724.

Аула саны- 1365 (Ауқатты-1048, Қызылсай-208, Бәйтерек-109) оның ішінде: 18 үй екі пәтерлі, 7 үй барак типті. Барлық үйлер жеке меншікте.Апаттағы жағдайдағы және иесіз үйлер жоқ.

Жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың саны-2220 оның ішінде мемлекеттік және әлеуметтік мәдени мекемелерде – 329 (Ауылдық округ бойынша  ауылдық округ  әкімшілік аппаратында-9, әлеуметтік орындарда-10, білім беру саласында-250, денсаулық саласында- 50, мәдениет саласында- 10) ауыл шаруашылығында-800, шағын және орта бизнес саласында- 180, сыртта жұмыс істейтіндер-911.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелер саны – 16. Соның ішінде:

-Ауқатты ауылында: Ауқатты ауылдық округі әкімінің аппараты; №9 Ауқатты  ауылындағы орта мектеп; Мәдениет үйі; Кітапхана; Ауқатты ауылдық ауруханасы; Пошта бөлімшесі, ауылдық полиция бөлімі,  «Азия Ирбис» ЖШС, «Тілашар», «Ай ару» жеке меншік бала бақшалары, ветеринариялық пункті бар;

-Қызылсай ауылында: №10 Қызылсай ауылындағы орта мектеп; Кітапхана; Қызылсай ауылдық фельшерлік акушерлік тірек;  «Айгөйлек» шағын орталығы бар.

-Бәйтерек  ауылында: №45 Бәйтерек  ауылындағы негізгі мектеп; Бәйтерек медициналық пункті.

 

Өнеркәсіппен айналысатын «Азия Ирбис» ЖШС -гі жұмыс істейді. Кәсіпорында 13 жұмысшы бар. Кәсіпорын бір маусымда 200 тонна лакпен сырланған материалдар шығарады.

Мал шаруашылығы мен егін және көкөніс өсіру  – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Округте 5 ірі шаруа қожалықтары бар олар-«Ауқаттылық», «Бірлік Берекесі», «Құрылысшы», «Жансай», «Монолит». Ауыл шаруашылығы жердің көлемі 28344 гектар, 2019 жылға күздік бидай-800 га., жаздық арпа-2100 га., дәндік жүгері-250 га., майлы дақылдар-370 га., қант қызылшасы-80 га., картоп-400 га., көкөніс-700 га., мал-азығы-1600га. тігу жоспарланды.

2019 жылдың 1 қаңтарына округте ІҚМ- 5019 бас, қой ешкі- 21025 бас, жылқы- 810 бас, шошқа- 185 басты құрды.

Жалпы үш елді мекендегі көше саны 28 ұзындығы 43,2 шақырым.оның 3,5 шақырымы асфальт төселген қалғаны құм-шағал жолдар. Ауқатты ауылының Абай, Қызылсай ауылының Амангелді, Жамбыл, Бәйтерек ауылының Абай көшелері жарықтандырумен қамтылған.

Балаларды тегін мектепке дейін және кері тасымалдау бағдарламасы бойынша 31 бала Волчья яма бөлімшесінен Бәйтерек ауыны №45 негізгі мектепке 21 бала, Бәйтерек -Ауқатты бағыты бойынша №9 орта мектепке 6 бала, Ауқатты ауылынан Қызылсай ауылына №10 орта мектепке 4 оқушысы тасымалданады.

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Округтің ағымдағы жағдайын талдай келе төмендегі проблемалық мәселелерді атап өтуге болады;

– Қызылсай ауылының көше жарықтандыру шамдарын электр үнемдеуіш шамдарға ауылтырылуын;

– Ауқатты ауылының жер кезегінде тұрған 1044 азаматқа жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін бөліп беру үшін,жаңа бас жоспарына сәйкес белгіленген жерге инфрақұрылымынның қажеттігін;

– Ауқатты-Бәйтерек автожолын салу және елді мекен ішіндегі автожолдың және жаяу жолдың жағдайын жақсартуды, көпірлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді;

– Мектептердің материалды-техникалық жағдайын нығайту;

– Балаларды мектепке дейін және кері тасымалдауды  (Волчья яма-Бәйтерек, Ауқатты-Қызылсай, бәйтерек-Ауқатты) бағыттарында ұйымдастыру,

-Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды жәрдемақымен қамтамасыз ету,

–  Тұрмыс жағдайы төмен азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде демеушілерді тартуды ұйымдастыру;

– Ауқатты, Бәйтерек ауылдырында ФАП және медпукт салуды;

– Ауқатты ауылына спорт кешенінің құрылысын салу, «Street workout» алаңын орнату, Коворкинг орталығын ашу және керекті жабдықтармен жабдықтау;

– Ауқатты ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру;

– Ауқатты ауылына әмбебап дүкенін салу.

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 №9 орта мектепке үштік (компьютер,проектор, экран) сатып алу Ақпарат беру 5000,0 ЖБ 2019 жыл тамыз
1.2 №10 орта мектепке үштік (компьютер,проектор, экран) сатып алу Ақпарат беру 3000,0 ЖБ 2019 жыл тамыз
1.3 №45 негізгі мектепке үштік (компьютер,проектор, экран) сатып алу Ақпарат беру 1500,0 ЖБ 2019 жыл тамыз
1.4 №9 орта мектепке компьютер сатып алу Ақпарат беру 3000,0 ЖБ 2019 жыл тамыз
1.5 №45 негізгі мектепке компьютер атып алу Ақпарат беру 1500,0

 

ЖБ 2019 жыл тамыз
1.6 №9 орта мектепке работатехника кабинетін  сатып алу Ақпарат беру 6071,0 Жб 2019 жыл тамыз
1.7 №10 орта мектепке компьютер сатып алу Ақпарат беру 5000,0 ЖБ 2020 жыл тамыз
1.8 Қызылсай ауылына 50 орынбық балабақшаны іске қосу Ақпарат беру 5 000,0 Өз қаржысына Қазан 2019 жыл
1.8 №10орта мектепке работатехника кабинетін  сатып алу Ақпарат беру 6071,0 ЖБ 2020 жыл тамыз
1.9 №45 негізгі мектепке работатехника кабинетін  сатып алу Ақпарат беру 6071,0 ЖБ 2020 жыл тамыз
1.10 №10 орта мектепке компьютер сатып алу Ақпарат беру 3000,0 ЖБ 2021 жыл

тамыз

1.11 №45 негізгі мектепке компьютер атып алу Ақпарат беру 300,0 ЖБ  
  Волчья яма бөлімшесінен Бәйтерек ауыны №45 негізгі мектепке 21 бала, Бәйтерек -Ауқатты бағыты бойынша №9 орта мектепке 6 бала, Ауқатты ауылынан Қызылсай ауылына №10 орта мектепке 4 оқушысы тегін мектепке дейін және кері тасымалдау Білім бөліміне ақпарат 2306,0 ЖБ 2019-2021 жылдары
 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1 Атаулы әлеуметтік көмек алушылар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалалар бөліміне ақпарат 29282,0 Облыстық бюджет 2019-2021 жылдары
2.2 Үйде оқытылатын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалалар бөліміне ақпарат 589,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары
2.3 Тұрмысы төмен (Ауқатты ауылы Астана көшесі № 122 үйдің тұрғыны-Тасибеков Амантай азық-түлікпен қамтамасыз ету Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалалар бөліміне ақпарат 48,0 Демеушілер 2019-2021 жылдары
III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
3.1 Қызылсай ауылына ФАП Қабылдау актісі 30000,0 Мемлекеттік-жеке серіктестік 2019 жыл
3.2 Бәйтерек ауылына медициналық тірек Қабылдау актісі 30000,0 Мемлекеттік-жеке серіктестік 2019жыл
 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1 Ауқатты ауылының су өтетін көпір-құбырларын ауыстыру Қабылдау актісі 4097,8 ЖБ  

2019 жыл

4.2 Қызылсай ауылының көше жарықтарының шамдарын электр үнемдеуіш шамдарға ауыстыру Қабылдау актісі 1012,0 Жб  

2019 жыл

4.3 Ауқатты ауылының жеке тұрғын үй салуға бөлінген жеріне инфрақұрылым салуға сметалық құжаттама жасау Қабылдау актісі   ЖБ 2020 жыл
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
5.1 Ауқатты ауылына спорт кешенінің құрылысын салу Қабылдау актісі 133400,0 РБ,ЖБ 2021 жыл
5.2 «Street workout» алаңын орнату Аудан әкімінің аппаратына ақпарат 200,0 Демеушілік 2020 жыл
5.3 Коворкинг орталығын ашу және керекті жабдықтармен жабдықтау Аудан әкімінің аппаратына ақпарат 1 200,0 Аудандық бюджет 2021 жыл
VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
6.1 Ауқатты Ауылының Т.Рысқулов, Наурыз, Ақжазық  көшелеріне құм-шағал төсеу Қабылдау актісі 6240,0 ЖБ Қазан 2019жыл
6.2 Ауқатты-Бәйтерек автожолын салу Қабылдау актісі 448,0 243,0-РБ, 245,0-ЖБ 2019-2020 жыл
6.3 Ауқатты ауылы Абай көшесінің бойындағы жаяу жолға ағымдағы жөндеу (450 метр) Қабылдау актісі 6000,0 ЖБ 2020 жыл
6.4 «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасының аясында     Ауқатты ауылы Абай көшесінің бойындағы жаяу жолға ағымдағы жөндеу (600 метр) Қабылдау актісі 8000,0 ЖБ 2020 жыл
6.5 «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасының аясында     Ауқатты ауылы Абай көшесінің бойындағы жаяу жолға ағымдағы жөндеу (600 метр Қабылдау актісі 8000,0 ЖБ тамыз

2021 жыл

6.6 Ауқатты ауылы Абай көшесінің бойындағы жаяу жолға ағымдағы жөндеу (450 метр) Қабылдау актісі 6000,0 ЖБ Қазан

2021 жыл

VII. БАСҚАЛАР
7.1 Ауқатты ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру Қабылдау актісі 8000,0 ЖБ Тамыз 2019 жыл
7.2 Ауқатты ауылында әмбебап дүкен ашу ақпарат 10 000,0 Жеке кәсіпкерлер 2019-2022 жылдары

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта