home
home home

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№10

«22»  тамыз 2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Отар ауылдық округі

 (ауылдық округтің атауы)

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы

 (аудан және облыс атауы)

 

 _2019-2021_ жылдарға

 

 

 

 

 

Әзірлеуші:        «Жамбыл облысы Қордай ауданы

Отар ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар  ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – ауылдық округтің құрылу кезеңі; 1998 жыл

 

-халық саны: Отар ауылдық округі бойынша халық саны 10722 адамды құрайды, оның ішінде

Отар ауылында – 5125  адам,

Гвардейский қалашығында- 5141 адам,

Бел ауылында- 285 адам,

Аңырақай ауылында- 171 адам

 

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы; округ орталығы -Отар ауылы, құрамында

Отар ауылы,

Гвардейский қалашығы,

Бел ауылы

Аңырақай ауылы

– аумақ; Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі- 206303 га құрайды, оның ішінде елді мекеннің аумағы – 9779 га, Отар ауылының көлемі 3881,0 га.

2014 жылы дайындалған Отар ауылының Бас жоспарына сәйкес 400 га жер көлеміне ұлғайтылды.

 

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім; Аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы «Қордай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» №31-7 шешімімен құрылған.

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны.

Отар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 33 адам.

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Отар ауылдық округті дамыту

 

Отар ауылдық округінің құрамына Отар ауылы, Гвардейский қалашығы және Бел, Аңырақай станциялары енеді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылы аудан орталығынан 80 км қашықтықта орналасқан.

Отар ауылдық округі бойынша халық саны 10722 адамды құрайды, оның ішінде 5125  адам  Отар ауылында, 5141 адам Гвардейский қалашығында,  285 адам Бел ауылында, 171 адам Аңырақай ауылында тұрады. Тіркелген кәсіпкерлер саны – 316, шаруа қожалықтары-7.

Экономикалық белсенді тұрғындар саны – 5920, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны – 5871, жұмыссыздар – 49. Зейнеткерлер саны – 880.

Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі- 206303 га құрайды, оның ішінде елді мекеннің аумағы – 9779 га, Отар ауылының көлемі 3881,0 га.                2014 жылы дайындалған Отар ауылының Бас жоспарына сәйкес 400 га жер көлеміне ұлғайтылды.

Ауылдың экономикалық белсенді тұрғындары 2737 адам.

Аула саны-1262. Отбасы саны -1500.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                             23 қаңтардағы Заңы бойынша Аудандық мәслихатының 2014 жылғы                           22 мамырдағы «Қордай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» №31-7 шешімі бойынша жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдері сайланып, жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу туралы жалпы ережелері мен тәртібі бекітілген. Отар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 33 адам.

Отар ауылы бойынша мекемелер: «Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, полицияның тірек пункті, №41 К.Әзірбаев атындағы орта мектеп,  «Нұр» балабақшасы, балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы, Красногор РЭС-і, почта бөлімшесі, теміржол мекемелері:станция, әскерилендірілген теміржол күзеті, техникалық қызмет көрсету пункті, желілік полиция бөлімі, ветеринарлық пункт, өрт сөндіру бөлімшесі,  сондай-ақ 3 әскери бөлімдер орналасқан.

«КазЭкоВатт» ЖШС – Отар ауылдық округінде орналасқан, жер учаскесінің көлемі 95 гектар. Пилоттық жоба аясында 2012 жылдың 1-кезеңінде 0,5 МВт қуаттылығымен 51 күн электр құрылғылары монтаждалды. Жоба құны 199,8 млн. тенге болды. 2-кезеңде қосымша 663 күн электр құрылғыларын орнату арқылы күн электр қуаты өндіріс қуаттылығын 7 МВт-қа дейін көтерілген.

Отар ауылында «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қордай ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-сі орналасқан.

Мәдениет саласында ауылдық кітапхана, ауылдық клуб, ауылдық тарихи-өлкетану үйірмесі қызмет көрсетеді. Ауылдық кітапханада 2018 жылы 650  оқырман, кітап берілімі 9020 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 6300, кітапханаға келуі 7600 болды.

Әлеуметтік салада қызмет атқаратын:

– қазақ-орыс тілдерінде білім беретін №41 К.Әзірбаев атындағы орта мектеп  1176 оқушыға арналған, бүгінгі күнде ол жерде 863 оқушы оқиды, ыстық тамақпен 146 бала қамтылған.

– 75 орындық «Нұр» балабақшасында 3 топта 75 бала тәрбиеленеді. Штат бірлігінде 12 педагог және 13 техникалық персонал жұмыс істейді.

– Отар ауылдық ауруханасында 35 төсек, стационарда 20, стационардан тыс 15 штат бірлігі 26 адам.УЗИ, ЭКГ және флюрография кабинеттері қызмет көрсетеді. 2018 жылы 9 айда 89 бала дүниеге келді.

– балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығында 13 үйірмеге:  бокс, еркін күрес, өлкетану, домбыра, би, хор, жас техник, сурет салу, теннис-шахмат үйірмелеріне қатысады.

Балаларды мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен қамту мақсатында                жекеменшік «Нұрай» балабақшасында 6 топта 108 бала тәрбиеленеді. Штаттық бірлігі 28 адам. Гвардейский қарашағында бүлдіршіндерге арналып жекеменшік бөбекжай-балабақшасында 4 топта 100 бала тәрбиеленеді, 22 адам жұмыспен қамтылды.

Отар ауылында Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі жұмыс істейді.

Жекеменшік 1 нотариус кеңсесі бар. 2016 жылы ашылған «Нұрай» жекеменшік (З.Майчибекова) балабақшасында 6 топта 108 бала тәрбиеленеді. Штаттық бірлігі 28 адам.

Отар ауылында 157 кәсіпкерлік және орта бизнес нысандары бар. Олар: дүкендер -40, кафе-5, дәріхана-2, малдәрігерлік дәріхана-1, жанар-жағар май құю станциялары -4, техникалық қызмет көрсету пунктері- 4, наубайхана-2, көлік жуу -2, жабық базар-1, желімдеу -3, ЖШС– 3 («Элемир», «Алибек», «Бимекс»).

Қоғамдық монша жоқ, халыққа тұмыстық қызмет көрсету үйлері (сурет салоны, киім өңдеу және тігу, химиялық тазалау) жоқ.

Тұрғындар тасымалданатын газбен қамтамасыз етіледі, орталықтандырылған су жүйесін пайдаланады, кәріз құбыры жоқ.

Балаларды мектептен үйлеріне тасымалдауға автобус ұйымдастырылған. 88 бала тасымалданады.

2 қабатты 23 көппәтерлі үйдің 10% орташа жағдайда, 20% жақсы, 70% қанағаттанғысыз жағдайда.

Округ бойынша 1296 ірі қара мал, 345 жылқы, 17765 ұсақ мал, 2357 үй құстары бар.

Отар ауылында 28 көшенің 7-і жарықтандырылған.

Орталық су жүйесі бар.

Ауылдық 35 км ішкі жолдардың 7-і асфальтталған, жалпы ұзындығы асфальтталған 11 км жолды құрайды. Оның ішінде 2018 жылы Б.Нұрланқұлұлы көшесіне (ұзындығы 1,0 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті бюджет қаражатынан Отар ауылындағы «Жастар» саябағына 1200,0 теңгеге тротуар төселіп, 960,0 теңгеге жарықтандыру шамдары орнатылды.

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

– көшелерді жарықтандыру қажет;

– ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуді қажет етеді;

– мектепке дейінгі ұйымдарын ашу;

– Бел ауылында медициналық қызмет көрсететін мекеме қажет;

– Отар ауылында Мәдениет үйін тұрғызу қажет;

– Отар ауылында спорттық нысан тұрғызу қажет;

– мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету (мысалы, волонтерлік негізде);

– қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау;

– «Жастар» саябағы абаттандыруды қажет етеді;

– дүкендер, кафе ашу қажет;

– елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою және т.б.;

– елді мекендерде сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

– дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Балабақша құрылысы Балабақша ғимараты 16 00,0 Жеке меншік есебінен 2019 жыл
1.2 №41 К.Әзірбаев     атындағы орта мектебінің ағымды жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың актісі 1162,0 Жергілікті бюджет 2019 жыл
1.3 №43 Б.Момышұлы     атындағы орта мектебінің ағымды жөндеу жұмыстары Жөндеу жүргізілген мектеп ғимараты 1104,5 Жергілікті бюджет 2019 жыл
1.4 №49 Бел негізгі    мектебінің ағымды жөндеу жұмыстары Жөндеу жүргізілген мектеп ғимараты 370,2 Жергілікті бюджет 2019 жыл
1.5 №41 К.Әзірбаев     атындағы орта мектебіне үштік (компьютер, принтер, сканер) алу Қабылдау-өткізу жөнелтпе құжаты 5000,0 Жергілікті бюджет 2019 жыл
1.6 №43 Б.Момышұлы     атындағы орта мектебіне үштік (компьютер, принтер, сканер) алу Қабылдау-өткізу жөнелтпе құжаты 5000,0 Жергілікті бюджет 2019 жыл
1.7 №49 Бел негізгі    мектебіне 3х1 (компьютер, принтер, сканер) алу Қабылдау-өткізу жөнелтпе құжаты 2000,0 Жергілікті бюджет 2019 жыл
1.8 Балабақша құрылысы Балабақша ғимараты 20 000 Жеке меншік есебінен 2020 жыл
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 АӘК төлемдері Төленген жәрдемақы 45870,0 Республикалық бюджет 2019 жыл
2.2 Аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету Көрсетілген көмек 2600,0 Демеушілер есебінен 2019

 

2.3. Жәрдемақы төлеу Төленген жәрдемақы   аудандық бюджет 2019
III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
3.1 Бел ауылында медициналық пункт

құрылысын жүргізу

Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 22000,0 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2019 жыл
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
4.1 Отар ауылындағы Гагарин көшесіне жарықтандыру орнату жұмыстары Жарықтандыру 7680,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2019 жыл
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
5.1 180 орындық мәдениет үйінің құрылысын жүргізу Мәдениет үйі 120000,0 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2019 жыл
5.2 Спорт кешенінің құрылысы Спорт алаңы 19000,0 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2019 жыл
5.3 Стритворкаут аланың орнату Стритворкаут 2 000,0 Демеушілер есебінен 2020 жыл
5.4. «Жастар» саябағын абаттандыру Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 10000,0 Республикалық бюджет 2020 ж
VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
6.1 Абай көшесін орташа жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 10000,0 Республикалық бюджет 2019 ж
6.2 Б.Момышұлы көшесінің кіре берісін орташа  жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 3200,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2019 ж
6.3 №43 ОМ кіре беріс жолын орташа жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 2300,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2020 ж
6.4 Белашов көшесі ағымды жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 527,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2019 ж
6.5 Ынтымақ көшесінен Азербаев көшесіне дейін қиылыс жолды ағымды жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 1676,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2019
6.6 Конаев көшесінен Төлесбай көшесіне дейін қиылыс жолды ағымды жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 871,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2019
6.7 Конаев көшесінен Атамқұлов көшесіне дейін қиылыс жолды ағымды жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 5075,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2019
6.8. С.Алабасов көшесін орташа жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 19000,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2020
6.9 Ноғайбай көшесін орташа жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 12347,0 4 деңгейлі бюджет есебінен 2020
6.10 Отар ауылындағы К.Әзірбаев көшесін орташа  жөндеу жұмыстары Жүргізілген жұмыстардың қабылдау актісі 1000,0 Республикалық бюджет 2021
VII. БАСҚАЛАР
7.1 Дүкен құрылысы

(ЖК Рыскулов)

Дүкен ғимаратының қабылдау актісі 12000,0 Жеке қаражат есебінен 2019
7.2 Дүкен құрылысы

(ЖК Отызбеков)

Дүкен ғимаратының қабылдау актісі 12000,0 Жеке қаражат есебінен 2019
7.3 кафе құрылысы

(ЖК Абдрахова)

Дүкен ғимаратының қабылдау актісі 40000,0 Жеке қаражат есебінен 2019
7.4 кафе құрылысы

(ЖК Ердебаева)

Дүкен ғимаратының қабылдау актісі 20000,0 Жеке қаражат есебінен 2019

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта