home
home home

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№9

«  22  »  тамыз 2019   жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қаракемер ауылдық округі ___________________________________________________

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Қордай ауданы Жамбыл облысы ___________________________________________

(аудан және облыс атауы)

 2019-2021 жылдарға

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Жамбыл облысы Қордай ауданы

Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019-2021жылдарға арналған Жамбыл облысы Қордай ауданы
Қаракемер ауылдық округнің жергілікті қоғамдастықты  дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі-1932 жыл;

-халық саны- 3760 адам;

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны-2 ( Қаракемер, Керу);

– аумақ- 36646 га.;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 2016 жыл 12 сәуір және оларға өкілестік берілген мерзім-;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-13 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Қаракемер ауылдық округті дамыту

 

 

Қаракемер ауылдық округінің қарамағына Қаракемер, Керу елді мекендері кіреді.

Ауылдық округтің жалпы көлемі 36646 гектар, оның ішінде елді мекендерге қарасты жер көлемі 1113 гектар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 31133 гектар.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 3760 адамды құрайды оның ішінде ер азаматтар-1895, әйелдер-1865, зейнеткерлер-384,онын ішінде мүгедектер-84,асыраушылардан айырылғандар-30, жастар 18ден 29 жас аралығында-763, оқушылар-796, экономикалық белсенді адамдардың саны-1830, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-489, жалдамалы жұмысшылар-698, ЖҚШ-643,жұмыссыздар-14, мектеп жасына дейінгі балалар саны-402.

Аула саны- 642, оның ішінде 13 үй екі квартиралы . Барлық үйлер жеке меншікте.Қарусыз тұрмайтын үйлер жоқ.

Жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың саны – 698, оның ішінде мемлекеттік және әлеуметтік мәдени мекемелерде – 181 (Ауылдық округ бойынша  ауылдық округ  әкімшілік аппаратында-12, экологтар-14,  білім беру саласында-131,  денсаулық саласында-16 , мәдениет саласында- 8, ауыл шаруашылығында-70, шағын және орта бизнес саласында-16 , сыртта жұмыс істейтіндер-431.

Өнеркәсіппен айналысатын кірпіш зауыты жұмыс істейді.

Мал шаруашылығы мен егін  өсіру   – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Округте 70 шаруа қожалықтары бар . Ауыл шаруашылығы жердің көлемі 3946 гектар, 2019 жылға күздік бидай-80 га., жаздық арпа-1985,5 га егілді.

2019 жылдың 1 қаңтарына округте ІҚМ- 4565 бас, қой ешкі- 33250 бас, жылқы- 2200 басты құрды.

Жалпы екі елді мекендегі көше саны  ұзындығы  24 шақырым. оның 7 шақырымы асфальт төселген қалғаны құм-шағал жолдар. Қаракемер ауылының Аймаш Баямбаев, Орынбай Төстікбаев,  Дінмұхамед Қонаев көшесінің Мәншүк Мәметова көшесінің бұрылысынан Абай Құнанбаев көшесіне дейін жарықтандырумен қамтылған.

Балаларды тегін мектепке дейін және кері тасымалдау бағдарламасы бойынша 3 оқұшы Соғанды бөлімшесінен Керу ауылына Мәлік Ғабдуллин № 15 бастауыш мектепке тасымалданады.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Округтің ағымдағы жағдайын талдай келе төмендегі проблемалық мәселелерді атап өтуге болады;

– Қаракемер ауылындағы ауыз су құбырларын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

– Қаракемер ауылының Абай, Төле би, Нүсіпбаев, Өтеген, Молдасеитов көшелерін жарықтандырумен қамтамасыз ету;

-Қаракемер ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары қажет;

– Елді мекен ішіндегі автожолдың жағдайының төмендігі  және жаяу жолдың жоқтығы;

– Елді мекендердің газбен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1 Ә.Нүсіпбаев атындағы №14 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу Қабылдау актісі 176 000,0 ОБ, АБ 2019 жыл
 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1          
2.2          
 

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1 Қаракемер ауылына Дәрігерлік Амбулаториясын салу Қабылдау актісі 50 000,00 Кәсіпкердің өз қаражаты 2019 жыл
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
4.1 Қаракемер ауылының көше жарықтарының шамдарын техникалық қызмет көрсету Қабылдау актісі 600,00 ЖБ 2019 жыл
4.2 Қаракемер ауылындағы ауыз су құбырларын күрделі жөндеу жұмыстары Қабылдау актісі 9 500,00 ЖБ 2021 жыл
4.3 Қаракемер ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары Қабылдау актісі 57 000,00 ОБ 2020 жыл
V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
5.1 Қаракемер ауылына саябақ салу Қабылдау актісі 5 000,00 АБ 2020 жыл
 

 

                                                  VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1 Қаракемер ауылының Абай көшесіне тасжолын төсеу Қабылдау актісі 7 629,000 ЖБ 2019 жыл
6.2 Қаракемер ауылының Маметова көшесіне тасжолын төсеу Қабылдау актісі 4 000,00 ЖБ  2020 жыл
6.3 Қаракемер ауылының  Нүсіпбаев көшесіне тасжолын төсеу Қабылдау актісі 29 000,00 АБ 2020 жыл
6.4 Қаракемер ауылының Өтеген көшесіне тасжолын төсеу Қабылдау актісі 31 000,00              АБ 2021 жыл
           
 

VII. БАСҚАЛАР

7.1 Қаракемер ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру Қабылдау актісі 1000,0 ЖБ 2019 жыл
7.2 Қаракемер ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру (күл-қоқысты тазалау және шығару) Қабылдау актісі           650,0 ЖБ    

 2020 жыл

7.3          

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

жауапты болып табылады.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта