home
home home

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№6

« 22 » тамыз 2019 жыл

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Жамбыл облысы Қордай ауданы

(аудан және облыс атауы)

 2019 – 2021 жылдарға

 

 

Әзірлеуші: «Жамбыл облысы, Қордай

ауданы, Қордай ауылдық округі

әкімінің аппараты» КММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы 2019 – 2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – ауылдық округтің құрылу кезеңі – 1930 жыл;

-халық саны 2019 жылдың 01 тамызына – 34111;

– ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы – 1, Қордай ауылы;

– аумақ –20867 га;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім – 2014 жылғы 22 мамырдағы №31-7 шешіміне сәйкес құрылып, өкілеттілік берілді;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 25 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту

 

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

Қордай ауылы аудан орталығында орналасқан және халық саны 34111 адамнан, 8262 ауладан  тұратын Қордай ауылдық округінің орталығы  болып  табылады.

Қордай ауылдық елді мекеннің жалпы аумағының көлемі 20867 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқабы – 14956 га, егістік жері – 7306 га, жайылым жері – 650 га.

Ауылдық  округтың  халық саны 34111 адамды құрайды, оның ішінде ерлер – 16002, әйелдер – 18109, зейнеткерлер – 5881, мүгедектер – 905, 18-29 жас аралығындағы жастар – 2751.

Еңбекке жарамды халық саны 18879 адамды құрайды:

– оның ішінде жұмысқа орналасқан 499, оның өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 12710; жұмыссыздар – 635, оның ішінде жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер – 252.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелер саны – 10. Соның ішінде:

-Қордай ауылында: 8-орта мектеп; 2-Мәдениет үйі; 4-Кітапхана;                          1- мұражай, 1 – клуб, 7- мемлекеттік балабақша, 3- шағын орталық, 1- музыка мектебі, 2- колледж, 3- спорт мектебі, 1- балалар мен жасөспірімдер орталығы, 3-денсаулық сақтау мекемесі, 5-пошта бөлімшесі, аудандық полиция бөлімі,               1-АТС бөлімі.

Сонымен қатар, Қордай ауылдық округіне қатысты 3658 жеке кәсіпкерлер, 4301 шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысушылар және 28 шаруа қожалығы бар.

Аудан орталығында 101 көше бар,  ауылдық  ішкі  жолдардың  72,1 шақырымына асфальт төселген, 77 шақырымына шағал төселген. Қордай ауылында орталық су жүйесі бар, Ауылдағы көшелер толық жарықтандырылмаған.

Ауылдық округте 17368 бас  МІҚ мал, 596 бас жылқы, 38485 бас қой мен ешкі, 956 бас шошқа және 9580 үй құстары тіркелген.

Ауылдық округ бойынша 7 ЖШС; 28 ШҚ, жұмыс істейтіндер саны 60 адам егін, мал шаруашылығымен айналысады; 3658  жеке кәсіпкер тіркелген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 537 отбасы.

Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

 

 

 

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Келесі мәселелерге қатысты проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

– Қордай ауылы бойынша (Болашақ ықшам ауданы толығымен, Жібек жолы, Кенесары, Әлімбаев, Сауранбаев, Красный Партизан ықшам ауданы, Титов, Шукшина және т.б.) кейбір көшелерді ауыз су жүргізілмегендіктен ауылдың көшелерің толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алу;

– Қордай ауылына жазғы демалыс орнын салу;

– Арық суын қамтамасыз етуді жандандыру;

– Қордай ауылы ішіндегі апатты күл-қоқыс орындарын жою бойынша жұмыстарды жүргізу;

– Қол жетімді баспана мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті жерлерде жүзеге асыру;

– Красный партизан ықшам аудан тұрғындарына мал жайылым және арықпен суғару жүйесін қалыпқа келтіру;

– Мал шаруашылығымен айналысатын халыққа субсидиялау қызметінің қол жетімділігін ұйымдастыру;

– жолдардың қанағатсыз жағдайы;

– Қордай ауылының тұрғындарына шалғай орналасқан шағын аудандарында арнайы аурухана ғимаратын және мектеп ғимараттарын  салу;

–   Қордай ауылына аумақты ірі ойын-сауық орталықтарын салу;

–  Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, үлкен өндіріс зауыттар немесе фабрикалар ашу;

– Қордай ауылындағы көшелерге жарықтандыру жүргізу.

– Жаңа шағын ауданда мектеп жоқ;

-№4 орта мектеп, №2 орта мектеп нашар жағдайда;

– Әлеуметтік аз қамтылған топтарға қаржылық қолдау;

– Жағалауды жөндеу;

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
1 2 3 4 5 6
I. БІЛІМ БЕРУ
1.1 №4 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу Іске қосу актісі 136 499,0 Облыстық бюджет 2019 жыл
1.2 Шығыс және Солтүстік ықшам аудандарында  жаңа мектеп салу Іске қосу актісі 2020 -2021 жылары
1.3 №2 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу Іске қосу актісі 192 000,0 2020-2021 жылдары
II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2.1 Атаулы әлеуметтік көмек алушылар жәрдемақы 189 700,0 Республикалық бюджет 2019-2021 жылдары
2.2 Тұрғын үй көмегі жәрдемақы 15276,6 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары
2.3 Үйде оқытылатын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақысы жәрдемақы 9 696,0 Аудандық бюджет 2019-2021 жылдары
2.4 Бір жолғы азық-түлікпен қамтамасыз ету жәрдемақы 350,0 Демеушілер 2019-2021 жылдары
III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ
3.1 Аурухана ғимаратын салу аурухана 2020-2021 жылдары
IV. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
4.1 Қордай ауылында Кенесары –Анырахай көшелерінің  қиылысында орналасқан жағалауында аллеясын ашу Қабылдау іске қосу актісі 12 888,9 Ауылдық  бюджет 2019 жыл
4.2 «Street workout» алаңын орнату Қабылдау актісі 1900,0 Демеушілік 2019 жыл
4.3 Көшеге арналған тренажерларды орнату Көше тренажерлар 6 727,2 Аудандық бюджет бюджет 2019 жыл
4.4. Ғашықтар аллеясын ашу Аллея 7 433,5 Аудандық бюджет 2019 жыл
4.5 Цемзаут ауландағы аллеяны абаттандыру аллея 8 400,0 Аудандық бюджет 2019 жыл
4.6 Спорт кешеңін салу Спорт кешеңі 190 000,0 Республикалық және аудандық бюджет 2020 – 2021 жылдары
4.7 Ірі ойын-сауық орталығын салу Ойын –сауық орталығы Жеке кәсіпкер 2020-2021 жылдары
4.8 Озерная және Елімай көшелерінде орналасқан көлшіктерді қалпына келтіріп  демалыс аймағын ашу Ақпарат аудан әкімшілігіне 56 000,0 Жеке кәсіпкер 2020-2021 жылдары
4.9 Цемзауыт мәдениет үйінің ғимаратын ағымды жөндеу Қабылдау актісі 18 819,0 бюджет 2020-2021 жылдары
4.10 Алимбаев көшесіндегі жағалауды абаттандыру Қабылдау  актісі 7 212,0 Ауылдық бюджет, Аудандық бюджет 2019 жыл
V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
5.1 Пушкин көшесінің жол жабының Сауранбаев көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін орташа жөндеу Қабылдау актісі 2 924,6 Ауылдық бюджет 2019 жыл
5.2 Қазыбек би көшесінің жол жабының Домалақ ана көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін орташа жөндеу Қабылдау актісі 9 807,9 Ауылдық

бюджет

2019 жыл
5.3 Әлімбаев көшесінің жол жабының Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін орташа жөндеу Қабылдау актісі 2 140,4 Ауылдық бюджет 2019 жыл
5.4 Көктөбе көшесінің жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 9 421,2 Ауылдық бюджет 2019 жыл
5.5 Айтеке би көшесіндегі жол жабының Абылайхан көшесінен Домалақ ана көшесіне дейін орташа жөндеу Қабылдау актісі 9 932,0 Аулдық бджет 2019 жыл
5.6 Болашақ ықшам ауданындағы  мүрделерге баратын жолды орташа жөндеу Қабылдау актісі 9 004,3 Ауылдық бюджет 2019 жыл
5.7 Айтеков көшесінің жол жабының Жібек жолы көшесінен Домалақ ана көшесіне дейін оратша жөндеу Қабылдау актісі 10 025,0 Аудандық бюджет 2019 жыл
5.8 Жеңістің 40 жылдығы көшесінің жолын Қазыбек би көшесінен Көктөбе көшесіне дейін  және Төле би көшесінің жол жабының Волкова көшесінен орталық аурухананың кіреберісіне дейін орташа жөндеу Қабылдау актісі 53 795,0 Ауылдық және аудандық бюджет 2019 жыл
5.9 Кенесары көшесінің жол  жабының Төле би көшесінен Шу көшесіне дейін  және Отырар көшесінің жол жабының Анырақай көшесіне дейін орташа жөндеу Қабылдау актісі 42 687,0 Ауылдық  және аудандық бюджет 2019 жыл
5.10 Қордай көшесің Домалақ ана көшесінің Бегалиев көшесіне дейін, Бегалиев көшесін Карасай батыр көшесіне дейін, Карасай батыр көшесін Домлақ ана көшесіне дейін  және Пролетарская көшесін орташа жөндеу Қабылдау актісі 33 433,0 Ауылдық бюджет және аудандық бюджет 2019 жыл
5.11 Абылайхан көшесінің жол жабының  орташа жөндеу Қабылдау актісі 46 749,0 Бюджет 2020 жыл
5.12 Отырар көшесінің жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 40 809,0 Бюджет 2020 жыл
5.13 Рысқұлов көшесінің жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 49 111,0 Бюджет 2020 жыл
5.14 Шевченко көшесінің жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 35 414,0 Бюджет 2020 жыл
5.15 Болашақ ықшам ауданының жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 98 633,0 Бюджет 2020 жыл
5.16 Бөлтрік би көшесінің жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 33 163,0 Бюджет 2020 жыл
5.17 Панфилов көшесінің жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 72 119,0 Бюджет 2020 жыл
5.18 Самал ықшам ауданының жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 87 891,0 Бюджет 2020 жыл
5.19 Н.Сауранбаев көшесінің жол жабының орташа жөндеу Қабылдау актісі 50 902,0 бюджет 2020 жыл
5.20 Қордай және Карасай батыр көшелеріне жарықтандыру жүргізу Қабылдау актісі 12 067,0 бюджет 2020 жыл
5.21 Пушкин көшесіне жарықтандыру жүргізу Қабылдау актісі 11 252,0 бюджет 2021 жыл
5.22 Самал ықшам ауданына жарықтандыру жүргізу Қабылдау актісі 23 723,0 бюджет 2020 жыл
5.23 Шынтасов және Жолбарыс батыр көшелеріне жарықтандыру жүргізу Қабылдау актісі 11 223,0 бюджет 2020 жыл
5.24 Әл Фараби көшесіне жарықтандыру  жргізу Қабылдау актісі 20 685,0 бюджет 2020 жыл
VІ. БАСҚАЛАР
6.1 Өндірістік зауыт немесе фабрика ашу ДГД тіркелу Жеке кәсіпкер 2020-2021 жылдары
6.2 Мал шаруашылығымен айналысатын халыққа субсидиялау қызметін қол жетімді ету ДГД тіркелу Республикалық,

облыстық бюджет

2020-2021 жылдары
6.3 Қол жетімді баспана мемлекеттік бағдарламаларды  ауылдық жерлерде жүзеге асыру Қол жетімді баспана 2020-2021 жылдары
6.4 Қордай ауылында 50 пәтерлі көп қабатты үй салу 50 пәтерлі үй салу 472 841,0 бюджет 2020-2021 жылдары
6.5 Арық суын қамтамасыз етуді жандандыру Арық суын жандандыру бюджет 2021 жыл
6.6 Жайылым орындарын орналастыру Жайылым орындары 2020 жыл

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы Қордай  ауданы  Қордай  ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жауапты болып табылады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта