home
home home

«Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату»

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

24.01.2019 ж. № 25 бұйрығына
3-қосымша

 

«Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату»

мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне арналған құқықты беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар тізімі: 1) нысан бойынша өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжат; 3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;

3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының 2-бөлігінде және 6-тармағында, 43-бабы 3-тармағының 6-бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының 2-бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта