home
home home

«Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу»

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

24.01.2019 ж. № 25 бұйрығына
5-қосымша

 

«Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесін жалға алу шарты не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар тізімі: 1) нысан бойынша өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжат.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта