home
home home

Жер қатынастары жөніндегі жетекші сарапшы сұрақтарға жауап береді

Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жер қатынастарына баса назар аударды. Жалпы азаматтар мен кәсіпкерлердің осы саладағы ақпараттарға толық қолжетімділігінің болмауы туралы мәселе жиі айтылып жүр. Осыған байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматтардың құқықтық мәдениетін жақсарту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жер мәселелері бойынша тегін семинарлар өткізуді жоспарлап отыр. Семинарды Агенттіктің Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшесі, көрнекті қоғам қайраткері, жер қатынастары саласындағы жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары саласындағы құқықтық және сот жүйесінде мол тәжірибесі бар кәсіби заңгер Бақытжан Базарбек жүргізеді.
Азаматтар келесі сұрақтар бойынша кәсіби тегін кеңес ала алады:
– жеке тұрғын үй салуға берілетін жер учаскелерін беру;
– жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
– жерге орналастыру ісі, жер учаскелерін саралау;
– жер учаскелерін игермеу және мақсатты игермеу кезінде кері қайтару, сонымен қатар мемлекеттік қажеттілікке байланысты қайтарып алу;
– өз бетінше құрылыс жүргізу;
– тиімсіз жер учаскелері, шекара салу;
– су шекара аймағы және алқап, су қорғау аймақтары мен жолақтары, қызыл сызықтар, санитарлық қорғау аймақтары;
– жерді заңсыз иемдену, рейдерлік басып алу.
Кездесу Тараз қаласындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облыстық филиалының ғимаратында өтеді.

Мекен-жайы: Тараз қаласы Рысбек батыр қиылысы 8а
Өтетін күні: 30 қазан 2018 жыл. 
Өтетін уақыты: сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін. 
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7262) 43-88-10 телефон нөміріне хабарласуға болады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта