home
home home

Жасырын той тоқтатылды

 

Коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынының алдын алуға байланысты аудандық мобильдік топ өкілдері күндіз-түні рейд жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов жетекші ететін мобильдік топ құрамына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және санитарлық қызмет өкілдері, сонымен қатар өзге де азаматтар кіреді.

Мобильдік топ өкілдері Қордай ауылындағы барлық тамақтану, сауда және қызмет көрсету орындарын аралап, жаңа қаулыны түсіндіру жұмыстарын бірнеше рет жүргізген болатын. Жалпы, қордайлықтар тәртіпке бағынғанымен кейбір азаматтардың әлі де болса сақтық шараларына бейжай қарайтыны анықталуда. Мәселен, өткен дүйсенбі күні Қордай ауылындағы «Эдельвейс» мейрамханасы карантин талаптарын сақтамай, той өткізгендігі анықталды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен мобильдік топ арнайы барып, тойды тарқатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айта кетсек, сенбі күні Қаракемер ауылдық округінде де той өткізейін деп жатқан  мейрамхана анықталып, онда да топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тойды тоқтатқан болатын.

Жалпы, Қордай ауданында бүгінгі күнге дейін шектеу талаптарын бұзған 100 жеке және заңды тұлғалар анықталып, оның 58-не ескерту беріліп, 42 хаттама толтырылып, 9 млн. 639 мың 660 теңгеге айыппұл салынған.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.