Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2021 жылы жастар практикасына жұмыссыздарды шақырады.
Жастар практикасы – оқыған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін ұйымдастырылады.
Жастар практикасына жасы 29 – дан аспаған, 2018, 2019, 2020 жылдары колледж, жоғары оқу орнын аяқтаған жас түлектер қатыса алады.
Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленеді және 25 АЕК-ті құрайды.
Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-не жолығу қажет. Мекенжайы: Қордай ауылы, Белашов көшесі, №3. Тел: 4-86-02.