home
home home

Жастар замандастарын шақырады

Жастар замандастарын шақырады

«Береке» гуманитарлық-техникалық коллед-жінде  білімгерлер мен ұстаздардың қатысуымен кездесу өтті. Биылғы жылдың  9 маусымына жоспарланған ҚР Президентінің  кезектен тыс сайлауына қолдау білдіру кездесудің негізгі мақсаты болды. Жиын барысында  сөз алған колледж әдіскері Гаухар Қасенова алдағы сайлаудың жастар үшін маңыздылығын,  еліміздің әрбір азаматының конституциялық құқығы туралы пікір білдірді.

Біз Елбасымыздың арқасында Тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық  жүйеде өзіне лайықты орын алды. Бізді ықпалды әрі белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындады. Қазіргі таңда тарихи кезеңді  бастан өткеріп отырмыз. Алдымызда зор міндет тұр. Қазақстан демократиялық мемлекет болғандықтан, Президент  халықтың таңдауымен сайланады. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен азаматтың тағдыры біздің шешімімізбен тікелей байланысты, – деді.

Жиын барысында білім ордасының ІІІ курс студенті Айзат Байтума биылғы жылдың басты саяси науқаны жайлы өз ойын жеткізіп, замандастарын сайлауға белсене атсалысуға шақырды. Білімгерлер кездесу соңында Президент сайлауының өтуін бірауыздан қолдайтындарын айтты.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.