home
home home

Жасөспірімдер жайы талқыға түсті

 

Өткен сәрсенбіде аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия отырысы өтті. Іс-шараға бейнебайланыс арқылы ҚР білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтық қорғалуын және орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Р.Көзкеева және Жамбыл облысы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Б.Жақсылықова қосылды.

 

Комиссия мүшелерінен басқа отырысқа құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында тәрбие, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің алдын-алу бойынша 2020-2023 жылдарға арналған жоспардың орындалуы қаралып, сонымен бірге Бетқайнар, Қарасай, Қасық, Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалды. Ауыл әкімдері жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын-алу және кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша атқарған жұмыстарын баяндады. Баяндамадан кейін комиссия мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойса, комиссия төрағасы Б.Жамангозов атқарылған жұмыстағы кемшін тұстарды айтып, бірқатар ескертулер жасады. Олар негізінен кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдік сатуға, жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүруіне қатысты болды. Жиын барысында №5 ОМ оқушысын Тараз қаласына девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектепке жолдау мәселесі қаралды. Ол сұрақты талқылауға мектеп мұғалімдері мен оқушының ата-анасы қатысып, ұзақ талқыдан кейін баланың түзелуіне уақыт беру туралы шешім қабылданды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.