home
home home

«Жаңғыру күні» аналар ардақталды

Қордай ауданында  «Жаңғыру күніне» орай  бүгін дүние есігін ашқан сәбилер мен олардың аналарын аудан басшылығы құттықтады. «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудандық мәслихат депутаты, көп балалы ана, «БайНұр» ШҚ-ның басшысы Айман Әшімова, аудан  әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Заурбаева, аудандық АХАЖ бөлімінің басшысы Салтанат Балпукова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Баян Ыбышева және аудандық «Қордай шамшырағы –Кордайский маяк» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Шолпан Сабанова бастаған  қоғам белсенділері жаңа босанған аналарға аудан әкімінің  құттықтауын жеткізіп, нәрестелерге алғашқы құжаттарын және арнайы  дайындаған сыйлықтарын табыстады.  Ал аналар өз кезегінде мерекелік көңіл-күй сыйлаған аудан басшылығына  зор алғыстарын жеткізді.  Айта кетейік, Қордай ауданының демографиялық ахуалы жылдан жылға жақсарып келеді. Өткен жылы аудан бойынша 3015  бала дүниеге келсе, жыл басынан   бері 619  нәресте туылды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.