home
home home

Жаңа жоба табысқа жетелейді  

Жаңа жоба табысқа жетелейді

 

2 қазанда облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы бірінші кезекте Жамбыл ауылдық округіне барып, №26 орта мектебінің мәжіліс залында тұрғындармен кездесті. Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл ауылдық округінде облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы іске асырылмақ. Осы орайда, Асқар Исабекұлы аталмыш жоба бойынша қолға алынып жатқан жұмыстармен танысып, тұрғындармен тілдесті.

Кездесуді Асқар Мырзахметов жағымды жаңалықтан бастап, ҚР Үкіметі күні кеше жобаның бюджетін бекіткенін жеткізді. Енді бөлініп отырған 7,2 миллиард теңгені облыс бойынша таңдалған он ауылда тиімді игеру қажет. Бұл жергілікті билік пен ауыл тұрғындары үшін мерейлі міндет, үлкен сын болғалы тұр. Жиында округ әкімі Айдар Бірімқұлов жобаның бес бағытына жеке-жеке тоқталып, округтің жобаға қатысты көрсеткіштерін жіпке тізді. Яғни, ол бүгінгі күнге жобаны іске асыруға бағытталған дайындық жұмыстарының қарқынын баяндап берді. Айта кетейік, жобаның пилоттық кезеңіне енген ауылдық округке екі елді мекен қарайды. Онда барлығы 1054 аулада 6845 адам тұрады. Ол аулалардағы жалпы жер көлемі 105 гектарды құраса, сумен қамтылғаны 634 аула, яғни 79 гектар.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта