home
home home

Жаңа форматтағы қабылдау

 

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жергілікті жерде іске асыру және тұрғындардың өтініш-тілектерін мерзімінде әрі сапалы орындау мақсатында Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет азаматтарды жеке мәселелерімен онлайн режимде қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезеңнен бастап аудан әкімінің азаматтарды қабылдауы тоқтатылып, тұрғындардың жазбаша арыз-шағымдары аудан әкімі аппараттың ресми электрондық поштасы және аудан әкімінің жеке блогы мен «Электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданып келеді. Осында түскен әр арыз-шағым мен өтініштерге Заңмен белгіленген уақытта жауап беріліп, еш сұрақ назардан тыс қалған емес. Мәселен, аудан әкімінің жеке блогына 9 азамат, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 139 азамат және әлеуметтік желілердегі парақшаларына 50-ге жуық азамат әр түрлі өтініштерін жазып, барлығына жауаптары берілді. Ол жұмыстар бүгінгі таңда жалғасын табуда. Ал, жаңа форматта өткен қабылдауда Әлжан ана ауылының тұрғындары жеке тұрғын үй мен жер мәселесі бойынша сұрақтарын қойып, оған аудан әкімі Р.Дәулет заңнамалар аясында түсініктеме беріп, тиісті бөлім басшыларына зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.