home
home home

Жамбылда жұмыс қызған

 

Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет ауыл тұрғындарының тұрмысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның алғашқы кезеңіне енген Жамбыл ауылдық округіне барды. Сапары барысында аудан

басшысы бірқатар шаруалармен кездесіп, ондағы жұмыстармен

танысты.

Бүгінде ауыл жұртының арасында кең қолдауға ие болған бірегей жобаның арқасында ауыл азаматтары кәсіпкерлікке бет бұрған. Бірі мал басын көбейтуге кіріссе, енді бірі бордақылау, сүт өткізу, көкөніс егіп, кәсібін  бастауға мол мүмкіндік алып отыр. Бүгінде осы жаңа бағдарламаның шапағатын сезініп отырған тұрғындардың тіршілігімен танысу мақсатында арнайы келген аудан басшысы әуелі «Жаңатұрмыс-Бірлік» ауыл шаруашылығы кооперативіне ат басын бұрды. Агрономия, зоотехния қызметтерін көрсету, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-өндіру, жинау, жеке қосалқы шаруашылықтар өндірген дайын өнімді өткізу қызметімен айналысатын кооперативте жүзден астам адам жұмыс жасайды. Аталмыш кооперативке техника сатып алу үшін 125,9 млн. теңге несие беріліп, бүгінгі таңда 19 дана түрлі техника алынған. Нәтижесінде 690 гектар жер толығымен игеріліп, дәнді, масақты және көпжылдық шөптер егу жұмыстары жүргізілген. Кооператив өкілдерімен кездескен Рүстем Рысбайұлы жаңа алынған техникаларды көріп, кооператив жұмысына оң бағасын берді. Осыдан кейін, ауылдағы пилоттық жобаның бесінші бағыты бойынша 3,73 млн. теңге несие алып, бал омартасын ашқан Владимир Кириловтың үйіне барды. Қазіргі уақытта 100-ге жуық бал ара жәшіктері мен бал жинауға қажетті құрылғы алған кәсіпкер жұмысын толығымен бастаған. Омарташыға аудан басшысы сәттілік тілеп, жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар, осы күні Рүстем Дәулет пилоттық жобаның бірінші бағыты бойынша үй іргесіндегі жерлерін тиімді пайдалану бағытын іске асырып жатқан тұрғындардың шаруасымен танысты. Мәселен, Сәрсенбай Хоразов жоба арқылы несие алып, өз үйінің ауласына картоп еккен. Осы күні қызу жұмыстың үстінен түскен Рүстем Рысбайұлы ауладағы жұмыспен толықтай танысып, кәсіпкерге сәттілік тіледі. Жобаның дәл осы бағыты бойынша несие алып, бақшасын баптауға кіріскен Гайдар Насыровтың да жұмысымен танысқан аудан басшысы жобаның жемісті тұстарын атап өтті. Айта кетсек, аталмыш бағыт бойынша Жамбыл ауылдық округіндегі 1032 ауланың 950-і іске кірісіп, бүгінде бақшаларында қарқынды жұмыс жүргізуде. Тұрғындардың бірлескен тірлігінің арқасында Жамбыл ауылдық округіндегі 12 шақырым арықтар толығымен тазаланған. Мал бордақылау бойынша да ауылдағы жоба жұмысымен танысқан Рүстем Дәулет бұл күні Қанатбай Ерназаровтың үйінде болды. Ол жоба арқылы несие алып, қорасына 10 бас бұқа мен бес сиыр кіргізген. Жем-шөбін де алып үлгерген үй иесі енді тек істің нәтижесін күтетінін айтады. Жұмыс сапары барысында Рүстем Рысбайұлы ауыл әкіміне жобаның іске асуы бойынша нақты тапсырмалар беріп, бұл аудан әкімі орынбасарының тікелей бақылауында екендігін жеткізді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.