home
home home

Жамбыл облысында карантиндік шаралар күшейтілді

 

14 маусымнан бастап Жамбыл облысында карантиндік шаралар күшейтілді, атап айтқанда, 14 маусымнан бастап:

– облыстың елді мекендері ішінде және елді мекендер арасында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында халықтың жүріп-тұруы шектеледі;

– Тараз қаласында қоғамдық көлік сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін қатынайтын болады. Қоғамдық көлікке тек жеке қорғау құралдарымен кіруге рұқсат;

– әлеуметтік арақашықтықты және маска режимін сақтай отырып, саябақтарға, алаңдарға және скверлерге сағат 06.00-22.00 аралығында баруға рұқсат.

Сондай-ақ келесі нысандардың жұмыс уақыты өзгереді:

8:00-ден 16:00-ге дейін:

– базарлар;

– азық-түлік емес дүкендер.

8:00-ден 18:00-ге дейін:

– сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сату орындары;

8:00-ден 22:00-ге дейін:

– азық-түлік супермаркеттер және дүкендер;

– ветеринариялық дәріханалар мен клиникалар.

9:00-ден 16:00-ге дейін:

– Халыққа қызмет көрсету орталықтары.

9:00-ден 17:00-ге дейін:

– екінші деңгейлі банк бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ, айырбастау пунктері, микроқаржы ұйымдары.

10:00-ден 18:00-ге дейін:

– автосалондар;

– қосалқы автобөлшектерді сататын дүкендер;

– дезинфекциялау құралдарын сату бойынша мамандандырылған дүкендер мен қоймалар;

– ауыл шаруашылығы техникасы, өсімдіктерді қорғау құралдары, тыңайтқыштар, тұқымдар (көшеттерге) және құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектер бойынша сауда-саттық орындары;

– сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша);

– азық-түлік қоймалары;

– тұрмыстық техника дүкендері;

– техникалық жөндеу орталықтары, автожуу;

– оптика салондары (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері және дүңгіршектер.

10:00-ден 20:00-ге дейін

– қоғамдық тамақтану объектілері (50 орыннан артық емес);

– ЅРА және фитнес-салондар, спорт кешендері.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялардың қызметіне штаттың кемінде 50 пайызын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыра отырып рұқсат етілген.

Төмендегі нысандардың жұмысына тыйым салынады:

– аумағы 2000 ш. м. асатын сауда орталықтары;

– түнгі клуб, дискотека;

– қоғамдық монша, сауна, бассейндер;

– сауда, ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңдары;

– ойын-сауық орталықтары, фудкорттар, кинотеатрлар;

– компьютерлік және ойын клубтары;

– балаларға арналған сауықтыру лагерлері;

– діни ұйымдар (мешіттер, шіркеулер, храмдар және т. б.);

– орын саны 50-ден асатын қоғамдық тамақтану нысандары

– концерт залдары, цирк қойылымдары;

– автомобиль және мал базарлары.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.