home
home home

Жамбыл облысы Қордай ауылдық округі МКҚК «Ақмаржан» балалар бақшасына (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты, еңбек демалысы мерзіміне) 2 бірлік тәрбиеші және медбике лауазымына конкурс жарияланады

Жамбыл облысы Қордай ауылдық округі МКҚК «Ақмаржан» балалар бақшасына (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты, еңбек демалысы мерзіміне) 2 бірлік тәрбиеші және медбике лауазымына конкурс жарияланады

 

            Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

1) Тәрбиеші бейіні бойынша жоғары немесе арнайы орта білімінің және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;

2) Медбике бейіні бойынша арнайы орта білімі және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;

 

Жамбыл облысы Қордай ауылдық округі МКҚК «Ақмаржан» балалар бақшасына бос тұрған (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты, еңбек демалысы мерзіміне) 2 бірлік тәрбиеші  және медбике лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

080400,Қордай ауданы,Қордай ауылы, Заводская  көшесі №14,

анықтама үшін телефон/факс:8 (72636)4-69-58, 4-65-84(akmarjan 04 @mail.ru)

           

  1. Жамбыл облысының Қордай ауылдық округі   МКҚК «Ақмаржан» балалар бақшасына (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты, еңбек демалысы мерзіміне) 2 бірлік тәрбиеші және медбике лауазымы

 

   Тәрбиешінің лауазымдық міндеттері:

-Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады.

-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.

-Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды.

-Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және

топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

-Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

-Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

-Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

-Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

-Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді.

-Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды.

-Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»,  «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, жеке санитария мен гигиенаны, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогика негіздерін, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасын, санитариялық ережелерді.

 

 

  1. Жамбыл облысы Қордай ауылдық округі МКҚК «Ақмаржан» балалар бақшасына медбике (1 бірлік)

Лауазымдық міндеттері:

-Балалардың мейірбикелік көмекке мұқтаждығын бағалайды, жағдайдың динамикасын, балалардың емдеу тиімділігін бағалайды.

-Алғашқы медициналық көмек, сонымен қатар әртүрлі жағдайларда дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативтік медициналық көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, медициналық аспаптарды, таңу құралдарын өңдеуде жүзеге асырады.

-Дәрігер тағайындауларын дұрыс орындауды қамтамасыз етеді.

-Әртүрлі жастағы балаларға күтім жасаудың бүкіл кешенді шараларын, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады.

-Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға арналған талаптарды рәсімдейді, олардың пайдаланылуы мен сақталуын бақылайды.

-Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді.

-Балаларға салауатты өмір салтын насихаттайды және санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жұмысын жүргізеді.

-Медициналық этиканы, бекітілген графикті, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.

 

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі принциптерін, санитарлық ережелер мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

            Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта