home
home home

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты аудандық ақындар айтысы

23 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты аудандық ақындар айтысы өтті.

Жастарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармасын айтыс арқылы ұғындыру, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа айтыс өнерін насихаттау, одан ары дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада 6 жұп өнер көрсетіп, 150 ден астам көрермен тамашалды. Айтыстың ашылу салтанатында  алғаш сөз кезегін алған айтыскер ақын Ахметжан Өзбеков Қордай жерінен шыққан тұлғалар жайлы тың мағлұмат беріп, байқауда бағын сынаған жас ақындарға ақыл-кеңесін айтты. Ал, ауданымызға белгілі ақын Анаркүл Ыдырысқызы ақындарға арнауын оқып, батасын берді.

Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша 1 жұп облыстық ақындар айтысына жолдама алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.     


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта