home
home home

Жалындаған жастарға мол мүмкіндік берілмек

Жалындаған жастарға мол мүмкіндік берілмек

 

Жастар – еліміздің болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Сол себепті де оларға көңіл бөліп, ойдағысын іске асыруға мүмкіндік берудің маңызы зор. Елбасы жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды қолға алу керектігін өз Жолдауында ашып айтқан болатын. Міне, биылғы «Жастар жылында» қандай тірліктер атқарылуы тиіс, түйткілді мәселелер қандай, осының барлығының басын ашатын трансляцияның куәсі болып отырмыз.

Әрине, талантты, талапты жастардың көбісі ауылда. Алайда, ауыл жастары қалалықтарға қарағанда көп мүмкіндіктен қалыс қалатыны жасырын емес. Сол себептен де Елбасы мұны да қаперге салды. Ол ауыл жастарына кәсіп ашып, іс бастауға көмек қолын созу керектігін ескертті. Осы орайда, ауданымыздың жастарына мол мүмкіндіктер берілетініне үлкен сеніммен қараймыз.

Бүгінгі жастар – ертеңгі білікті маман, бір ошақтың тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнын иемдену үшін бірінші кезекте әлеуметтік мәселелерге көңіл аударылғанын қалаймын. Ол әрине, баспаналы болу, тұрақты жұмыспен қамтылу. Жастардың өз білімін шыңдап, біліктілігін арттырудың маңызы да ерекше. Себебі, бүгінгі дамыған әлемдегі басты басымдық білімде. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануды да ұмытпаған жөн. Бұл үшін аудан басшылығы барын салуда. Жақында Қордай ауылында ашылған спорт кешені осының бір дәлелі.

2019 жылдан біздің күтеріміз көп. Арман мен мақсаттарымыз орындалып, биік белестерді бағындырарымызға үміт басым. Барлық аудан жастарын белсенділік танытып, Елбасының бастамасына қолдау көрсетуге шақырамын!

 

Елжас Қапархан,

аудандық «Жастар орталығы» КММ директоры

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.