home
home home

«Жайнай бер, жастар, жаңаша»

«Жайнай бер, жастар, жаңаша»

Мемлекет шығармашыл жастарды қолдауға айрықша мән береді. Елімізде дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын әртүрлі бағыттағы байқаулар мен конкурстар  соның дәлелі. Өткен жұмада «Жастар жылына» орай аудандық мәдениет үйінде «Жайнай бер, жастар, жаңаша» атты   аудан өнерпаздарының  концерті өтті.  Жастар ресурстық орталығы және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қордайлық өнер иелерімен қатар, Тараз қаласынан арнайы келген  меймандар – Гүлдерайым Нұрмолдаева, Олжас пен Жайна дуэті көрермендерге әсем әндерін тарту етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл кеште Қордай жерін халықаралық, республикалық байқауларда   танытып жүрген әнші, бишілер де, келешегінен үлкен үміт күттіретін жас дарындар  да өнер көрсетті. Шығармашылық кеш барысында көреремендер назарына классикалық,патриоттық, заманауи әндер мен түрлі ұлт өкілдерінің билері ұсынылды. Ал кеш соңында сөз алған аудандық мәдениет үйінің директоры Күміскүл Сәрсенбаева жалындаған жастарға жүктелген міндет пен сенімнің мол екендігін айтып, іс-шараға атсалысқан барша азаматтарға  алғысын жеткізді. Жастар ресурстық орталығының директоры Расул Беделбаев кеште өнер көрсеткен қатысушыларды «Алғыс хатпен» марапаттап, ізгі тілегін жаудырды: «Ауданның қоғамдық –саяси дамуына, жастар саясатын белсенді іске  асыруда қажырлы күш жұмсап, атқарған абыройлы еңбегіңіз үшін Сіздерге шын жүректен алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға баянды бақыт, береке-бірлік, нәрлі күш қуат тілеймін», – деді құттықтау сөзінде.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.