home
home home

Жадымда тұрар жаңғырып…

Жадымда тұрар жаңғырып…

Бейсенбі күні ұстаздар қауымының төл мерекесі аталып өтті. Айтулы күнге орай аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шараға ардагер ұстаздар, қазіргі таңда еңбегімен еленіп, болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдер мен жас мамандар қатысты. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтпақшы, осы күні мереке иелері құттықтауларды қабыл алып, зор құрметке бөленді.

Жиын барысында алғашқылар қатарында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаев мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін арнады.

– Сіздердің өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі істеріңіз мемлекеттің гүлденуі жолында үлкен маңызға ие. Еліміздің келешегі – жастарымыздың рухани, адамгершілік, зайырлы бейнесі мектеп қабырғасынан қалыптасады. Көптеген оқушыларымыз түрлі олимпиада, байқау, жарыстарда жоғары жетістіктерге жетіп, қоғамдық өмірге белсене араласуда. Мұның бәрі сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Жас ұрпақтың болашағы сіздерге байланысты, құрметті мұғалімдер. Ауданда дарынды, білікті ұстаздар жетерлік. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айтамыз, – деген Е.Орынбаев бірқатар ұстаздарға аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Атап айтсақ, бұл қатарда Н.Вязникова, Ж.Темірғалиева, А.Каримова, А.Кәрібаева, М.Рысқұловалар болды.

Ал, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасы және естелік сыйлықтармен К.Андасова, Г.Келекеев, Т.Түнғатарова, И.Дауешова, А.Биянху марапатталды. Сондай ақ, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтарымен А.Қалқанбаева, Т.Айтпаева, А.Бітешова, А.Самақова, Г.Тоққожаев марапатталды.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрінің Алғыс хатына Р.Сатқымбаев, Н.Сатова, М.Ысқақова, Л.Унербаева, Н.Сатыбалдиева, Ч.Попытай, Ч.Саурықова, Д.Стыбаева, Қ.Сырлыбаева, А.Исанова, Г.Мұқашева, Б.Бұтабаев, С.Нұрғалиева, М.Иманқұлова, Н.Лопатиева, З.Ысқақова, А.Итжанова, А.Хиджурова, Н.Манасбай, Р.Гасанов, Ж.Сәрсенбаева, Е.Грекова, М.Тамабаев, Н.Ашимтаева, К.Нүсіпбаева, А.Қалдарбекова, К.Нұрқасымова ие болды. Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен М.Сәбитқызы, Г.Байгелова, Е.Мехнина, Б.Ықыласова, Г.Нүркеева, П.Исибай, Ж.Ағыбаева, Э.Наметова, Н.Молдакулова, Б.Жаманкөзева марапатталса, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен Р.Абдыгапарова, Ж.Жасыбаева, З.Жақсымбетова, С.Сейітжаппарова, Н.Носова, А.Нұрахметова, Ю.Акрамова, Ж.Сопиева, Ж.Адамбаева, А.Алтынбекова марапатталды.

Сонымен бірге, аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен бірқатар ұстаздар мен білім беру саласының ардагерлері марапатталды.

Іс-шара аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Серғазы Манасбаев


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта