home
home home

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанның ерекшелігі – бірлік пен ынтымақты ту еткендігінде. Осыдан болар елімізде өмір сүріп, еңбек етіп жүрген түрлі ұлт өкілдерінің біте қайнасып, бір шаңырақ астында тату өмір сүруі өзгелерге үлгі болып қана қоймай, еліміздің ерек символы ретінде көрініс тапқан. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні ел асыға күтетін, ең тамаша мерекелердің бірі екеніне дау жоқ. Осы ретте достық пен татулықты дәріптейтін түрлі мерекелік іс-шаралар қолға алынады. Соның бірі «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінде ұйымдастырылған еді.

«Ынтымағы жарасқан Тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты шараға  білім мекемесінің студенттері елімізде өмір сүретін түрлі ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптарымен таныстырып, ән мен биден шашу шашып, думандатып жіберді. Білімгерлер түрік халқының үйлену тойында жасалатын салт-дәстүрінен көрініс қойып, түрікше ән орындап көпшіліктің қошаметіне бөледі. Одан кейін келген қонақтарға  дүнген, өзбек, украин халықтарының тілінде өлеңдерін оқып, тіпті ұлттық тағамдарын дайындап, дәмнен ауыз тигізді. Мерекелік шараны қазақ ұлтын таныстырушы топ қорытындылап, барлық ұлт өкілдері бірігіп ән шырқауы Қазақстанның жоғарыда атап өткеніміздей ерекшелігін дөп басып бергендей болды.  «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі директорының орынбасарлары Аида Намазова мен Камила Дургалова колледж ұжымы мен білімгерлерін алдағы мейрамдарымен құттықтап, ізгі тілектерін арнап, әр шаңыраққа бақыт пен денсаулық тіледі.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.