home
home home

Вакцина зауыты келер жылы іске қосылады

 

– Президент Жолдауындағы міндеттерді іске асыру аясында фармацевтика саласы қарқынды дамуда. Ол есепті кезеңде номиналды мәнде 10 есе өсімді көрсетіп отыр.

Гвардейский қалашығында биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл аяқталады. Зауыт өз жұмысын келесі жылдың бірінші тоқсанында бастап, мұнда әлемдік стандарттар бойынша иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирустық инфекцияға, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығарылатын болады. Жыл сайын биопрепараттардың 30-60 миллион дозасын дайындау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар институт мамандары мен зауыт қызметкерлері үшін 60 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Тағы екі үйдің құрылысын жүргізу жоспарда бар, – деді Б.Сапарбаев.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.