home
home home

Үздіктерге құрмет

 

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Ауданымыздың жалынды        жастары осы жылы аянбай еңбек етіп, асыл қасиеттерін дәріптеген ерекше жыл болды. Осыған орай, еріктілер жылы аясында, пандемия кезінде халыққа жанашыр болып, барлық іс-шараларға, қайырымдылық акцияларға қатысып, соғыс ардагерлеріне, жалғыз басты және жарымжан жандарға көмек қолын созған еріктілер ауданымызда аз емес. Пандемия кезінде «BIRGEMIZ» жалпыұлттық бастамасы – ауданымыздың көптеген отбасыларын бірге жұмылдырды. Сонымен қатар «Qamqor», «Saulyq», «Sabaqtastyq» жобалары аясында еріктілеріміз еңбектеніп, «TAZA ALEM» бағыты бойынша ауданымызда ағаштар отырғызып, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Еріктілер жылы деп жарияланған бұл жылда еңбек еткен 20 «Үздік волонтер» анықталып, оларды «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Расул Беделбаев марапаттады. Аталған «Үздік волонтер-2020» қатарында ауданның белсенді жастары және колледж студенттері бар. «Үздік волонтер-2020» иегерлері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің алғысхаттарымен марапатталды және бағалы сыйлықтарына ие болды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.