home
home home

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Цхай  және КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаевтың жүлдесіне арналған бокстан республикалық турнирдің ауданымызда өтіп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Сәуір айының 24 мен 29 аралығында аудан орталығындағы спорт кешенінде өткен байрақты ХІV турнирге әдеттегідей алыс-жақын шет елдердің былғары қолғап шеберлерімен бірге еліміздің кіл мықтылары қатысқан болатын.

Он төрт салмақ дәрежесінде сынға түскен жасөспірімдер осы күндер аралығында кім мықтыны анықтап, нағыз спорт мерекесін сыйға тартты. Турнирге Украина, Ресейдің Саха Республикасы, Қарғызстанның Бішкек, Жалал-Абад қалаларынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қалаларының, Маңғыстау, Алматы облысының,  Түрксіб ауылы, сонымен қатар облысымыздың барлық аудандары, спорт-интернат спортшылары, жалпысы 19 команда, 129 спортшы сынға түсті. Ашылу салтанатында қатысушыларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дидар Молдағалиев пен құрметті  қонақтар сәттілік тілеп, шаршы алаңға шыққан жас боксшыларға супервайзерлік қызметті маңғыстаулық азамат, халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі Дулат Букебаев жасаса, бас хатшылықты қордайлық Рамазан Тауекел атқарды.

Жарыс АИБА ережесіне сәйкес жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздары мен жүлдегерлері әділ анықталғанын айта кеткен жөн. Турнирде әділдігімен көзге түскен, Алматы қаласынан келген төреші Тузинде Поль арнайы дипломмен марапатталса,   №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс-тан жаттықтырушысы Асхат Нәметкерім «Үздік жаттықтырушы» атанды. Өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз, жүлдегер атанғандарға Жамбыл облыстық бокс федерациясының медальдары мен дипломдары табыс етілді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.