home
home home

«Үркер-2019» ұлттық сыйлығын ұйымдастыру және өткізу туралы ереже

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2019» ұлттық сыйлығын ұйымдастыру және өткізу туралы ереже

  1. Сыйлықтық мақсаты мен міндеттері 
  2. Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы«Үркер-2019» ұлттық сыйлығын (бұдан әрі– Сыйлық) ұйымдастыру және өткізу мақсаты баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына кеңінен қоғамның назарын аудару болып табылады.
  3. Сыйлықтың міндеті:

1) баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы сапалы  және өзекті контентті анықтау;

2) өңірлердегі мультимедиалық журналистиканың дамуына көмектесу;

3) баспа, радио және интернет-журналистиканың беделін арттыру;

4) Қазақстанда Newmedia-ны дамыту болып табылады.

  1. Сыйлыққа қатысушылар

2.1. Республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет басылымдары, сондай-ақ контентті өндіріп, оны тарататын, өз интернет-ресурстары немесе баспа басылымдары (telegram-арналар,жаңалықтар пабликтері)жоқ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ақпараттық жобалардың меншік иелері Сыйлыққа қатысушылар бола алады.

2.2. Сыйлық алуға ықтимал ізденушілер ұсынылған материалдардың авторлық құқықтарының сақталуына толық жауап береді. Сыйлық алуға ықтимал ізденушілер туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданған орфографиямен және пунктуациямен жарияланады.

  1. Сыйлықтың өткізу тәртібі

3.1. Сыйлықты өткізу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

1) сыйлық алуға ықтимал ізденушілерден өтінім мен конкурстық жұмыстарын қабылдау;

2) сыйлық номинанттарын іріктеу үшін білікті қазылар алқасын құру;

3) сыйлық лауреаттарын айқындау ;

4) сыйлықпен салтанатты марапаттау рәсімі.

  1. Сыйлық номинациялары

4.1. Сыйлық тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады:

1) жыл фотографиясы;

2) жыл репортажы;

3) жыл аналитикалық материалы;

4) жыл журналистік зерттеуі;

5) жыл сұхбаты;

6) Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы;

7) жыл радиостанциясы;

8) жыл ақпараттық порталы;

9) жыл газеті;

10) жыл журналы;

11) жыл new media (telegram-арна, жаңалықтарпаблигі).

  1. Сыйлықтың қазылар алқасы және ұйымдастыру комитеті

5.1. Қазылар алқасы сыйлық алуға ықтимал ізденушілерге сараптамалық баға береді. Қазылар алқасының құрамына елдің медиа саласын дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

5.2. Қазылар алқасының құрамын Сыйлықтың Ұйымдастыру комитеті айқындайды.

  1. Қатысу рәсімі

6.1. www.urker-awards.kz ресми сайты Сыйлықтың ақпараттық дереккөзі болып саналады. Сайтта Сыйлықтың өту мерзімі, номинациялар, Сыйлықтың Ұйымдастырушы комитететінің байланыс деректері туралы ақпарат орналастырылады.

6.2. Конкурсқа қатысу үшін Сыйлық алуға ықтимал ізденуші ресми сайтта орналастырылған үлгіге сәйкес тиісті өтінімді толтыруы қажет (өтінімді ресми сайта толтыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, әлеуетті ізденушінің қолы қойылған сканерленген нұсқа urker@urker-award.kz электрондық поштасына жіберіледі). Сыйлық алуға ықтимал ізденуші Сыйлықтың Ұйымдастыру комитетінің өтінімдерді өңдеу жөніндегі менеджерімен байланысып, Сыйлықты Ұйымдастыру комитетінің менеджерлері өтінімді  алғандығына көз жеткізуге құқылы

6.3. Сыйлық алуға ықтимал ізденушілер өтінімге әр номинация бойынша бір-бір материалдан ұсына отырып, Сыйлықтың екі номинациясына қатысуға құқылы.

6.4. Ұжымдық номинациялар (жыл радиостанциясы, жылдың жаңалықтар порталы, жыл газеті, жыл журналы) бойыншаСыйлықтың әлеуетті ізденушісі БАҚ-тың меншік иесі туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсетіп, уәкілетті органда БАҚ-ты есепке қою туралы куәлік нөмірін көрсете отырып, осы Ережемен бекітілген жұмыстарға қатысу үшін қойылатын жалпы талаптарға сәйкес өтінім бере алады.

6.5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған: бейәдеп лексика, адамның ар-намысын қорлайтын, саяси, діни, ұлтаралық алауыздықты қоздыратын, қорлау сипатындағы мәлімдемені және іс-әрекетті және т.б. элементтер қамтылған жұмыстардың Сыйлыққа қатысуына жол берілмейді

  1. Жұмыстарға қатысуға қойылатын жалпы талаптар

7.1. Сыйлықтың әлеуетті ізденушілерінің номинацияларға сәйкес ұсынған барлық жұмыстары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында жариялануы тиіс.

7.2. Жұмыстардағы барлық фотосуреттер JPEG форматта, 2Мб кем емес файл көлемінде болуы тиіс. Мәтіндік материалдарды жіберу кезінде жарияланымға белсенді сілтеме жасалады немесе өтінімге қосымша сканерленген немесе баспа БАҚ-тың PDF форматындағы версиясы тіркеледі. Аудиоматериалдарды жіберген кезде, аудиоматериалдың интернет нұсқасымен қоса тиісті материалға белсенді сілтеме беру немесе аудиоматериалды өтінімнің өзіне тіркеу қажет.

7.3. Өтінімді Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген БАҚ, сондай-ақ «Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы» номинациясы аясындағы жұмыстарды қоспағанда Қазақстан Республикасының азаматтары бере алады.

7.4. Конкурстық жұмыстар материалдарына қойылатын талаптар:

7.4.1. Жыл фотографиясы – өтінімге фотосуреттерге және олардың жарияланған жерлеріне толық қолжетімділік беретін JPG, JPEG форматындағы белсенді сілтеме қоса беріледі. Егер фотосурет баспа БАҚ-та орналасқан болса, газеттің/журналдың сканерленген нұсқасын ұсыну қажет. Номинацияда сюжеттің бірегейлігі және тақырыптың ашылуы, фотоны қабылдау жеңілдігі және фотосуреттің эмоционалдық қанықтығы бағаланады.

7.4.2. Жыл репортажы – өтінімге мерзімді баспасөз басылымдары және/немесе ақпаратты-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған материал қоса беріледі. Номинацияда репортер қатысқан оқиғаның сапасы мен сипаттау объективтілігі бағаланады.

7.4.3. Жылдың аналитикалық материалы – өтінімге мерзімді баспасөз басылымдары және/немесе ақпаратты-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған материалдар қоса беріледі. Номинацияда проблеманың жан-жақты талдануы, материалда көрсетілген мәселелер авторы қозғаған ұйғарымдардың бірегейлігі мен іс жүзінде қолданылуы бағаланады.

7.4.4. Жылдың журналистік зерттеуі -өтінімге мерзімді баспасөз басылымдары және/немесе ақпаратты-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған материалдар қоса беріледі. Номинацияда тікелей жүргізілген журналистік зерттеудің көмегімен қоғамда кеңінен таралып, белгілі бір оқиға детальдарының сапасы мен ашылуы бағаланады.

7.4.5. Жыл сұхбаты – өтінімге мерзімді баспасөз басылымдарында, радиостанция эфирінде және/немесе ақпаратты-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған материал қоса беріледі. Номинацияда тақырыптың жаңашылдығы, мақсаты, көлемі және тақырыптың маңыздылығы, сондай-ақ тақырыптың толыққанды ашылуы бағаланады.

7.4.6. Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы өтінімге мерзімді баспасөз басылымдарында, радиостанция эфирінде және/немесе ақпаратты-жаңалықтар интернет-ресурсында жарияланған материал қоса беріледі.  Номинацияға отандық, сол сияқты шетелдік БАҚ қатыса алады. Номинацияда Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы рөлі, мәдени дәстүрлер, жекелеген өңірлердің және тұтастай Қазақстанның географиялық ерекшеліктері туралы тақырыптың ашылуы бағаланады.

7.4.7. Жыл радиостанциясы – өтінімге жобалар, бағдарламалар, авторлар және басқа да есімнамалар, оқиғалар мен маңызды фактілер көрсетілген, хронометражы 30 минуттан аспайтын, mp3 форматындағы эфирде аудиофайлдармен қоса  радиостанцияның қызметін сипаттайтын PowerPoint немесе PDF форматында 12 беттен аспайтын станция төлқұжаты беріледі. Номинацияда аудиториямен қамтылуы, кәсібилік, дыбысталу сапасы, тақырыптың ашылуы, радиобағдарламаларға қызықты спикерлер мен қонақтардың қатысуы, радостанцияның интернет версиясының қолжетімділігі, радоистанцияның әртүрлі рейтингтерге қатысуы, келушілер бойынша есептілікті қоса ұсынумен трансляцияланатын музыканың өзектілігі (нысаналы радистанция жағдайында–радиостанция ұсынған тармақтарға сәйкес келуі) бағаланады.

7.4.8. Жыл ақпараттық порталы – өтінімге, жобалар, контент, интернет-оқиғалар, айдарлар, авторлар мен басқа да есімнамалар, интернет-ресурс қызметін сипаттайтын маңызды фактілерді көрсетіп, келушілер бойынша есептілікпен қоса 12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматындағы таныстырылым қоса беріледі. Номинацияда жарияланған тақырыптардың сапасы, уақытылығы, өзектілігі және маңыздылығы бағаланады.

7.4.9. Жыл газеті – өтінімге баспасөз басылымының қызметін сипаттайтын жобалар, айдарлар, авторлар және басқа да есімнамалар, оқиғалар, сондай-ақ баспа басылымының PDF форматындағы бір нөмірінің сканерленген версиясы қоса берілген баспа басылымының қызметін сипаттайтын маңызды фактілер көрсетілген PowerPoint немесе PDF форматындағы 12 беттен аспайтын баспа басылымының паспорты қоса беріледі. Номинацияда тақырыптардың сапасы мен өзектілігі және жария ету кеңдігі, басылымның мерзімділігі және тиражы, ақпаратты ұсыну форматы бағаланады.

7.4.10. Жыл журналы – өтінімге жобалар, айдарлар, авторлар және басқа да есімнамалар, оқиғалар, сондай-ақ  баспа басылымының PDF форматындағы бір нөмірінің сканерленген версиясын немесе электрондық версиясына белсенді сілтемемен баспа басылымының қызметін сипаттайтын маңызды фактілер көрсетілген PowerPoint немесе PDF форматындағы 12 беттен аспайтын баспа басылымының паспорты қоса беріледі. Номинацияда тақырыптың ашылуы және журналдың бағыты, тақырыптар мен оқиғалардың сапалы жария етілуі, баспаның мерзімділігі бағаланады.

7.4.11. «Жыл new media»номинациясында  – қатысуға өтінімді өзіндік интернет-ресурстары немесе баспа басылымдары жоқ  әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ақпараттық жобалардың меншік иелері береді. Өтінім беру барысында ашық арналар мен танымал пабликтерге белсенді сілтемелерді көрсету қажет.

Telegram-арна – номинацияда жарияланатын материалдың мерзімділігі мен өзектілігі, оқырмандардың географиялық және сандық қамтылуы, материалды беру форматы, мультимедиалық материалды пайдалануы, жарияланымдар тақырыбының сапасы бағаланады. Өтінімге арнаға кірушілер бойынша статистика қоса беріледі (Telegram Analytics).

Әлеуметтік желілердегі жаңалықтар паблигі – аталған номинацияға қатысу үшін өтінімге жаңалықтар парақшасы туралы  PDF форматындағы таныстырылым қоса беріледі.  Номинацияда жарияланатын материалдардың мерзімділігі мен өзектілігі, оқырмандардың географиялық және сандық қамтылуы, материалды беру форматы, мультимедиалық материалдарды пайдалануы, жарияланым тақырыбының сапасы бағаланады. Өтінімге парақшаға кірушілер бойынша статистика қоса беріледі (Парақша талдамасы: жазылушылардың өсуі, аудиторияны қамтуы)

  1. Өтінімдерді қарау және сыйлық қорытындысын шығару

8.1. Сыйлықтың Ұйымдастыру комитеті барлық өтінімдердің өлшемшарттарға сәйкестігіне қарайды және өткен өтінімдерді бұдан әрі Сыйлықтың әлеуетті іздеушілеріне сараптамалық баға беру үшін қазылар алқасының мүшелеріне қарастыруға береді.

8.2. Әділқазы алқасы мүшелері Сыйлық лауреаттарын құпия дауыс беру арқылы таңдайды. Ең көп дауыс жинаған 4 (төрт) өтінім Сыйлық номинанты болады. Одан әрі 4 (төрт) номинанттың ішінен құпия дауыс беру арқылы Әділқазы алқасының мүшелері жеңімпазды таңдайды. Сыйлық жеңімпазы мен номинанттары Әділқазы алқасы мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен айқындалады.

8.3 Сыйлық лауреаттарын жариялау Сыйлықтың ресми іс-шарасына 4 номинанттың шақырылуымен салтанатты жағдайда өткізіледі.

8.4. Сыйлық лауреаттарына өздерінің ақпараттық, жарнамалық және таныстырылымдық материалдарында, лауреттың ресми сайтында, сондай-ақ өз қызметтері мен өнімдерін жарнамалау кампанияларында «Баспасөз, радио, интернет-журналистикасы саласындағы «Үркер-2019» ұлттық сыйлық лауреаты» мәртебесін көрсету құқығы беріледі.

  1. Сыйлықпен марапаттау рәсімі

9.1 Жеңімпаздарды марапаттау Нұр-Сұлтан қаласында, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өтетін салтанатты рәсімде жүзеге асырылады. Әр номинацияның үздік өкіліне Сыйлық жеңімпазы атағымен бірге «Үркер-2019» естелік мүсіншесі беріледі

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта