home
home home

Үн қосамыз

Үн қосамыз

Елі ері үшін, ері ел үшін

 

         Партия өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан 20 жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналған партия.

 

Елордамыз Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезі еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы болып табылатын партияның 20 жылдығында өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан  съезд барысында 20 жылдағы партияның дамуын қорытыдылап, мақсаттарын айқындады. Нұрсұлтан Назарбаев 20 жыл бойы иық тіресе жұмыс жасап, бірге келе жатқан қатарластарына рақмет айтты.

Партия делегаттары Мемлекет басшысының 20 жылға беріліп жатқан бағасын мұқият тыңдап, жалпы, бүгінгі сьездің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Олар: партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау, партияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, саяси құрамның жұмысына баға беріп, орталық комиссияның жұмысымен танысу. Саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекіту.

Бұл съезден еліміздің тұрғындары мен партия мүшелері үлкен сенімділікке ие болды. Қазақстанда қолдаушыларының саны басым бүкілхалықтық партия ретінде «Нұр Отан» дамудың стратегиялық бағытын анықтау кезінде әрдайым халықтың пікіріне сүйенеріне көз жеткіздік. Халықтың мүддесі мен қажеттілігін білдіретін «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен оның халқының екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді өзегіне айнала білген партия.           Халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері үнемі Елбасы назарынан тыс қалған емес. Оған Елбасының: «Кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады екен. Көп балалылардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуды тапсырамын. Аймақтардағы атқарушы органдар қызметкерлерінің айлығын 25 пайызға өсіру үшін 980 млрд. теңге бөлінеді. Мүгедек бала асырап отырған ата-анадар мен отбасыларға, асырушылаға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға асыруды тапсырамын» деген сөздері дәлел.

Әсіресе, тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы аналар мен көмекке зәру әрбір отбасыны қамқорлыққа, бақылауға алу көзделуде.

         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа сайланған министрлер мен үкіметке жалақы мен жәрдемақыны өсіруге тапсырма бергені мен әкімдерге бюджеттегі қаржыны оңды жұмсауға тапсырма бергені елге деген үлкен жанашырлық деп түсінемін.

Қарамолдаева Баян Нәзікеқызы

аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта