home
home home

Ұлы тұлға

Ұлы тұлға

 

Елбасы өзінің Қазақстан Республикасы Президенті ретіндегі өкілеттілігін тоқтату жөніндегі шешімі кімді де болсын таң қалдырғаны рас. Елімізді 30 жыл бойы басқарған Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттің дамуына қосқан үлесін сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Сонау тоқырау, қиын-қыстау заманнан мемлекетті аяғына тұрғызып, Қазақ елін жер-жаһанға заманауи, демократиялық ел ретінде таныта білді. Ұлт Көшбасшысының бастамасымен елде экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қоғамның барлық дерлік институттары жаңартылып, Қазақстан аграрлы экономикадан өнеркәсіптік-сервистік экономикаға өтті. Елді индустрияландыру және урбанизациялау процесі жүргізілді. Шикізат секторына әлемнің ірі инвесторларын тарта отырып, мұнай-газ секторындағы күрделі жобалар жүзеге асырылды. Елбасы әр кезде де жоғары мақсаттарды алға қойып, 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын әзірледі. Көпұлтты және көпконфессиялы елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыруда еңбегі өлшеусіз. Жаһандық дағдарыстарға қарамастан еліміздің Сарыарқаның төрінде әсем қала – Астананы салуға ұйытқы болды. «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы күллі әлемге танылған қала ел мақтанышына айналғаны шындық.

Нұрсұлтан Әбішұлына деген алғысымыз шексіз. Оған ұзақ ғұмыр және денсаулық тілейміз. Ендігі арманымыз дәл Елбасы секілді қазақтың қамын ойлайтын, ел тізгінін сеніп тапсыратын нағыз ер азамат келсе.

 

Қордай ауданының Құрметті азаматы

Сүгірбай Төле Аманжолұлы

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.