home
home home

«Ұлы  халықтың – ұлы  Абайы!»

 

6 маусым күні  Масанчи ауылдық округінің мәдениет үйінде Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жас-тар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы!» тақырыбында мәтінді көркем  оқудан байқау өтті.

Оның мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, жастардың классикалық әдебиеттерді оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын аттыру әрі еліміздің рухани  бірлігін нығайту болып табылады. Байқауға Масанчи, Сортөбе, Қарасай, Қаракемер, Ауқатты және Қарасу ауылдық округінің  жастары қатысты.

Шараға қатысқан Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқарамасының «Жастар ресурстық орталығының» жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Құтжан Бақытжан байқауды ашып, жастарға сәттілік тіледі. Қатысушылар болса намысты қолдан бермей барын салды. Ал, қазылар алқасына жүзден жүйрікті анықтауға біраз уақытты жұмсауға тура келді. Нәтижесінде «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы!» тақырыбында өткен көркем оқу байқауына  жүлделі І орынды Бәзіл Инабат, ІІ орынды Даурова Асия, ІІІ орынды Лочь Сабина жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.