home
home home

Үлкен Сұлутөрде жаңа әкім

 

Осы аптада Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі сайланды. Жаңа әкім таулы аймақта орналасқан елді мекеннің әлеуметі мен экономикасын алға сүйреп, қордаланған проблемаларының шешілуіне үлкен үлес қосады деген сенімдеміз.

Әуелі сайлауға үш үміткер тіркеліп, олар мәслихат депутаттарымен өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаларын назарға ұсынған болатын. Осылайша сәрсенбі күні аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатов және мәслихат депутаттарының, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаевтың  қатысуымен округ әкімінің сайлауы жасырын дауыс беру арқылы өтіп, әр қатысушы таңдаған үміткеріне өз дауысын берді. Шара барлық талап пен тәртіпке сай өтіп, нәтижесінде Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып Мұрат Теңізбаев сайланды.

1963 жылы өмірге келген Мұрат Теңізбаев Үлкен Сұлутөр ауылының тумасы, ауыл тұрғындары арасында беделі бар азамат. Жоғары білімді, агроном. Ол көп жылдан бері әртүрлі агроқұрылымдарда қызмет істеген. Ал, 2015-2017 жылдары арасында Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.