Тыл ардагерлеріне құрмет
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ауданымызда тек соғыс ардагерлері ғана емес тыл ардагерлеріне деген құрмет те ерекше. «Барлығы майдан үшін» ұранымен тылдағы тынымсыз еңбектің батырлары қандай құрметке болса да лайық.
Тылдағы ерен ерліктері үшін алғыс айту мереке қарсаңында бастау алды. Аудан әкімдігі тарапынан түрлі қолдаулар жасалып, елеп-ескерулер қалыпты жағдайға айналған. Осы қайырымды шараға аудандағы әр мекем мен ұжымдар атсалысып жатқанын да ерекше атап өткен жөн. Тыл ардагерлеріне қолдау көрсетуді ауданның ерікті жастары да қолға алды. Ал, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аудандағы ерікті жастар жалғызілікті қарттардың үйіне барып, үй шаруаларына көмектесуді әдетке айналдырған. Бүгінгі күнге аудан көлемінде 500-дей тыл ардагері болса, осы күні олардың 100-ден астамына қажетті азық-түлік себеттері ұсынылып, аудан әкімі Р.Дәулеттің құттықтауы жеткізілді. Бұл игі шара жалғасын тауып, аудандағы барлық тыл еңбеккерлері қамтылатын болады.