home
home home

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

 

 

Билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу мақсатында ағымдағы жылдың 15-19 маусым аралығында Сарыбұлақ, Қақпатас, Бетқайнар, Жамбыл және Степной ауыл тұрғындары арасында көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілетін болады. Жоспарланған көшпелі қоғамдық қабылдаудың алғашқы қабылдауы бүгін Сарыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің алдында өтті. Қоғамдық қабылдау жұмысына аудан әкімі Р.Дәулет, аудан прокуроры Н.Ұласбекұлы, жергілікті полиция бөлімінің басшысы М.Ережепов және аудан әкімдігінің жұмымен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сынды халыққа қажетті деген мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Ауданымызда төтенше жағдай жарияланған кезеңнен бастап аудан әкімінің тұрғындарын қабылдау тоқталып, тек электронды түрде қабылданған болатын. Тиісінше, тұрғындардың толғандырған мәселер қатары көбейіп, кеңес берудің алғашқы күнінде 80 –ге жуық ауыл тұрындарына кеңес берілді, олардың ұсыныстары ескеріліп, хаттамаға түсірілді.  Көпшілікті толғандырған басты мәселе – суармалы су мәселесі, жайылым жер, сонымен қатар, үй мен жер кезегі және мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу, әлеуметтік көмектер алу сынды мәселелер көтерілді. Қабылдауға тиісті саланың жауапты басшылары қатысқандықтан, әр мәселеге жекелей тоқталып, оларға дер кезінде жауап қайтарылды. Бұл күнгі қаблауда,  тек жеке мәселе ғана көтерілмей, аудан әкіміне ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізген азаматтардың қатары да болды. «Ауылымызға келер жылы спорт кешені салынады деген хабарды естіп қуанып жатырмыз, осы игі шара қолдау тапқанына қуаныштымыз, ендігі мәселеміз ауылымыздағы білім ордасының қазандығын қатты отыннан газға ауыстырса, бірқатар ауылішілік жолдар жөнделсе екен деген ниетіміз бар, уақыт тауып халықтың ортасына келген Сізге алғысымыз шексіз» деп аймақ басшысына   Сарыбұлақ ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Алтыбаев ақсақалар ауылдастарының тілегін жеткізді. Қоғамдық қабылдаулар барысында медициналық бетперделер кию, арақашықтық сақтау сынды  барлық санитарлық талаптар сақталды. Дәл мұндай қоғамдық қабылдаулар жалғасын тауып, алдағы үш күнде өзге де ауылдарда өткізілетін болады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.