home
home home

Тұрғын-үй көмегі туралы

 

 

Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі «Қордай ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» № 73-3 шешіміне сәйкес:

1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;

2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін және коммуналдық қызметтерді тұтынуына;

3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) халыққа қызмет көрсету орталығына немесе порталға жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:

  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
  • отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
  • жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
  • балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
  • банктік шоты;
  • тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
  • коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
  • телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
    • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

    Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

    Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

    Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары бір айға:

    • жеке басты азаматтар үшiн – 30 (отыз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
    • екi және одан да көп адамнан тұратын отбасының әрбір мүшесiне – 18 (он сегіз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес.

    Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополисттiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламалы.

    Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

    Мүгедектерді, магистратураны қоса алғандағы күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек етуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

    Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 8(72636) 2-10-03 телефоны арқылы хабарласуға болады.

     

    Бөлім басшысы                                                  А.Заурбаева                                        

     

     

     

     


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.